Астана қалалық Жайдарман чемпионатының ¼ финалдық ойындарына шақырамыз!

12 мамыр күні «Қазақстан КВН Одағы» республикалық жастар қоғамдық бірлестігі «Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ-нің қолдауымен Астана қаласының Жоғары оқу орындары, орта арнаулы оқу орындары студенттері мен қала жастары арасында Мемлекеттік тілдегі Астана қалалық Жайдарман чемпионатының ¼ финалдық ойындарын ұйымдастырады.

Ойынның басты мақсаты:

— Жайдарман ойындары арқылы мемлекеттік тілді насихаттау және әлеуетін көтеру;

— Астана қаласындағы Жастар саясатының дамуына қолдау жасау;

— Жастардың шығармашылық және интеллектуалдық потенциалын арттыру.

Іріктеу ойындарына өтініш білдірген 40 команда арасынан редакторлық жұмыстар қорытындысы бойынша чемпионатқа жіберілген 19 команда   өнер көрсетеді.

Өтетін орны және уақыты:

Астана қаласы,  «Жастар сарайы».

2017 жылғы 12 мамыр

сағат 18:00

More from the blog

14 қараша күні жайдарманның «Елорда кубогы-2021» арнайы жобасы өтті.

14 қараша күні жайдарманның "Елорда кубогы-2021" арнайы жобасы өтті. Еліміздің үздік командаларынан бөлек, өзбекстандық "Бұхара" командасы қатысып, бұл сайыстың дәрежесін халықаралық деңгейге көтеріп тастады....

«Шабыт»құрамасы «ELORDA KUBOGY-2021» иегерлері.

Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Елорда кубогы-2021» Жайдарман ойыны 14-қараша күні Бейбітшілік және келісім сарайында өтті. Оған Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен...

«РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАУСЫМАШАР ФЕСТИВАЛІНІҢ» ІРІКТЕУ ОЙЫНДАРЫН 28-30 қыркүйек күндері 7 арнадан тамашалай аласыздар

«Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ ұйымдастыруымен ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі азаматтық бастамаларды қолдау орталығының “Жастар арасында мемлекеттік тілді насихаттау бойынша іс-шараларды өткізу” гранты...