Астана қаласының чемпионы анықталар сәт

20 қараша күні Астанадағы «Жастар» сарайында Жайдарман ойындарының қалалық чемпионатының финалы өтеді.

Жыл бойы сайысқа түскен 18 команданың ішінен ақтық сынға дейін жеткен 5 команда өзара чемпиондық атаққа таласпақ.

Ойынның мақсаты – Астана қаласының жастары арасында қоғамдық жұмысқа деген белсенділігін арттырып, мәдени шараларға деген құлшынысын арттыру. Сонымен қатар жекелеген жайдарманшылардың бойындағы қабілетін ашып, шығармашылық  шабытын ұштау, жұрт алдына сөйлеуге баулу. Осы арқылы жастардың лидерлік қабілетін арттыруға ықпал ету.

Жыл сайын өткізіліп келе жатқан сайысқа Астана қаласы Жастар саясат басқармасы қолдау көрсетіп келеді.

Сайысқа қатысатын командалар:

  1. «Жібек жолы» — Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті
  2. «Тұран жастары» — «Тұран-Астана» университеті
  3. «Энерго» — С. Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университеті
  4. «4-корпус» — Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті
  5. «Сарыарқа ауданының жастар құрамасы» — Cарыарқа ауданы

Ойын сағат 17:00-де басталады.

Сайысты жүргізуші – «Қазақстан КВН Одағы» РЖҚБ Бас редакторы Рүстем Елжанов.

More from the blog

14 қараша күні жайдарманның «Елорда кубогы-2021» арнайы жобасы өтті.

14 қараша күні жайдарманның "Елорда кубогы-2021" арнайы жобасы өтті. Еліміздің үздік командаларынан бөлек, өзбекстандық "Бұхара" командасы қатысып, бұл сайыстың дәрежесін халықаралық деңгейге көтеріп тастады....

«Шабыт»құрамасы «ELORDA KUBOGY-2021» иегерлері.

Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Елорда кубогы-2021» Жайдарман ойыны 14-қараша күні Бейбітшілік және келісім сарайында өтті. Оған Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен...

«РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАУСЫМАШАР ФЕСТИВАЛІНІҢ» ІРІКТЕУ ОЙЫНДАРЫН 28-30 қыркүйек күндері 7 арнадан тамашалай аласыздар

«Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ ұйымдастыруымен ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі азаматтық бастамаларды қолдау орталығының “Жастар арасында мемлекеттік тілді насихаттау бойынша іс-шараларды өткізу” гранты...