«Жайдарлы Жасұлан» жеңімпазы — «Тәтті құрама»

Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін «Жайдарлы Жасұлан» сайысы биыл да өз жалғасын тапты. 22 қазан күні Астанадағы «Қазмедиа» концерт-залында өткен ойында еліміздің барлық аймағынан келген жеткіншектер өзара бақ сынасты. 

Бұл сайысқа Астана, Алматы қалалары және облыстардағы мектепаралық сайыстардың жеңімпаздары және «Маусымашар» фестивалі қорытындысы бойынша телевизиялық жобаларға жолдама алған командалар келіп қатысқан болатын.

Барлығы 19 команда қатысқан ойында алматылық «Тәтті құрама» жеңімпаз атанды. Өздерінің өткір ойлары мен тәтті қалжыңдарымен көпшілікті тәнті еткен алматылықтар бір ауыздан үздік деп танылды.

«Жайдарлы Жасұлан-2016» жеңімпазы — «Тәтті» құрамасы
«Жайдарлы Жасұлан-2016» жеңімпазы — «Тәтті» құрамасы

Ал ІІ орынды  қостанайлық «Көшіп келгендер» тобы тобы иеленсе, ақтөбелік «Осал емес» командасы өздерінің осал емесін дәлелдеп жүлделі үшінші орынды қанжығасына байлады.

Жас жеткіншектердің өнерін бағалаған қазылар алқасы құрамында: «Қазақстан Халқы Ассамблеясы» қоғамдық қорының директоры – Құрманбек Жұмағали, «Жас Ұлан» бірыңғай жасөспірімдер және балалар ұйымының төрағасының орынбасары – Александр Тен, Астана қаласы Білім басқармасының басшысы –Қасымхан Сенғазыев, ҚР Білім әне ғылым министрлігі Жастар саясаты департаменті директорының орынбасары – Ернат Мұхамадиев және ардагер жайдарманшы – Алдан Жылгелді секілді танымал тұлғалар болды.

ІІ орын иегері - "Көшіп келгендер", Қостанай
ІІ орын иегері — «Көшіп келгендер», Қостанай
ІІІ орын иегері - "Осал емес" тобы, Ақтөбе
ІІІ орын иегері — «Осал емес» тобы, Ақтөбе

Айта кетейік, «Жайдарлы Жас Ұлан» республикалық сайысы «Қазақстан КВН Одағы» республикалық жастар қоғамдық бірлестігі ҚР Білім және ғылым министрлігі және республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар және жасөсіпірімдер ұйымымен үшжақты меморандум негізінде өткізіліп келеді.

More from the blog

14 қараша күні жайдарманның «Елорда кубогы-2021» арнайы жобасы өтті.

14 қараша күні жайдарманның "Елорда кубогы-2021" арнайы жобасы өтті. Еліміздің үздік командаларынан бөлек, өзбекстандық "Бұхара" командасы қатысып, бұл сайыстың дәрежесін халықаралық деңгейге көтеріп тастады....

«Шабыт»құрамасы «ELORDA KUBOGY-2021» иегерлері.

Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Елорда кубогы-2021» Жайдарман ойыны 14-қараша күні Бейбітшілік және келісім сарайында өтті. Оған Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен...

«РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАУСЫМАШАР ФЕСТИВАЛІНІҢ» ІРІКТЕУ ОЙЫНДАРЫН 28-30 қыркүйек күндері 7 арнадан тамашалай аласыздар

«Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ ұйымдастыруымен ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі азаматтық бастамаларды қолдау орталығының “Жастар арасында мемлекеттік тілді насихаттау бойынша іс-шараларды өткізу” гранты...