Жетісу жайдарманшылары арасындағы футболдан чемпиондар лигасы

Жетісу аймақтық лигасы Алматы облысының жастар ресурстық орталығы мен Алматы жастар саясаты басқармасының қолдауымен Талдықорған қаласында керемет мини-футбол жарысын өткізді. Республикалық деңгейде ойнап жүрген Алматы облысы құрамасы «Шапалақ» командасы Талдықорған қаласының жас командаларымен, сонымен қатар 5-10 жыл бұрын жарқыраған жайдарманшылармен футболда бақ сынасты. Бас жүлде «Қалай екен» командасының еншісінде. «12 мектеп», «ЖТФ Жайсандары» командалары да керемет ойынмен көзге түсті. Алматы облысы құрамасы «Шапалақ» командасынынң капитаны Орынбасар Серікбай ойын алдында допинг-тест өткізіп, қанында мельдоний табылып, ойынға қатыстырылмады. Осындай жарыстар арқасында достық беріктеніп, командалар арасында қарым-қатынастар жақсарып, салауатты өмір салты ұстанады деп нақты айта аламыз. Барлық командаларға рахмет!

More from the blog

14 қараша күні жайдарманның «Елорда кубогы-2021» арнайы жобасы өтті.

14 қараша күні жайдарманның "Елорда кубогы-2021" арнайы жобасы өтті. Еліміздің үздік командаларынан бөлек, өзбекстандық "Бұхара" командасы қатысып, бұл сайыстың дәрежесін халықаралық деңгейге көтеріп тастады....

«Шабыт»құрамасы «ELORDA KUBOGY-2021» иегерлері.

Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Елорда кубогы-2021» Жайдарман ойыны 14-қараша күні Бейбітшілік және келісім сарайында өтті. Оған Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен...

«РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАУСЫМАШАР ФЕСТИВАЛІНІҢ» ІРІКТЕУ ОЙЫНДАРЫН 28-30 қыркүйек күндері 7 арнадан тамашалай аласыздар

«Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ ұйымдастыруымен ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі азаматтық бастамаларды қолдау орталығының “Жастар арасында мемлекеттік тілді насихаттау бойынша іс-шараларды өткізу” гранты...