ЖОҒАРЫ ЛИГА 1/8 ФИНАЛЫНЫҢ IV ТОП ОЙЫНЫ ТУРАЛЫ

Сонымен бүгін Жоғары лиганың 1/8 финалдық сайыстары аяқталып, ширек финалға шыққан барық команда анықталды. Ал біз әдеттегідей бүгін өнер өрсеткен командаларға тоқталып өтсек.

Алматылық «АТУ» өз деңгейінде өнер көрсетті. «Сәлемдесуі» де, «Көрінісі» де. Ал «Жамбы ату» қиын тигені рас. Соңғы орын алуына сол да әсер еткен сияқты. Десе де «пешенесіне жазылғаны» сол болса амал не?!

Маңғыстаулық «Боранқұл» бүгін өз ойын өрнегін көрсете алмаған секілді. Барлық сайыста да. Әйтпесе бұлардың потенциалы бұдан да жоғары екеніне күмән жоқ. Дегенмен резервпен өтті. Алда жақсы ойын көрсетер деп сенеміз.

Семейлік «Элемент» оқыс әрекет, оқыс әзілдерімен ерекшеленіп келеді. Бүгінгі ойында да бағытынан таймады. Онысы көрермен көңілінен шыққанмен, қазылар көңілінен шықпаған секілді. Ал «Жамбы атуда» өте жақсы өнер көрсетті. Дәл осы қарқынан таймаса, ұзаққа барар түрі бар. Тек әзілдеріне салмақ қосса деген тілек бар.

Астаналық «Тұран» өте жақсы өнер көрсетті. Әзілдері де салмақты, әрі қуақы. «Сәлемдесуі» де, «Көрінісі» көңілден шықты. Әсіресе соңғы сайыстағы өнері бүгінгі үздік «Көрініс» десек, өзгелер де келісер.

Шымкенттік «Байдың балалары» әдетінде жоғары ұпай алуға ғана келді. Дегенмен тым сенімді болып, келер ойынға қалдырды ма, деңгейіне сай болмады. Әлде көп күтіп қойдық па?! Айтпақшы «Жамбы атудың» стилін өзгерту керек сияқты. Әйтпесе жансызды сөйлете беретін шаблон ұзаққа апармайды.

Сонымен бар ой осы. Ал жалпы ойын жақсы өтті. Ақпарат министрі Дәурен Абаев пен Қазақстан корпорациясының басқарма төрағасы Ерлан Қариннің келуі де ойынның деңгейін арттырғандар болды. Сонымен қатар,  «Халық Қаһарманы», қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер Тоқтар Әубәкіров те құрметті қонақ ретінде келген болатын.

More from the blog

14 қараша күні жайдарманның «Елорда кубогы-2021» арнайы жобасы өтті.

14 қараша күні жайдарманның "Елорда кубогы-2021" арнайы жобасы өтті. Еліміздің үздік командаларынан бөлек, өзбекстандық "Бұхара" командасы қатысып, бұл сайыстың дәрежесін халықаралық деңгейге көтеріп тастады....

«Шабыт»құрамасы «ELORDA KUBOGY-2021» иегерлері.

Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Елорда кубогы-2021» Жайдарман ойыны 14-қараша күні Бейбітшілік және келісім сарайында өтті. Оған Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен...

«РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАУСЫМАШАР ФЕСТИВАЛІНІҢ» ІРІКТЕУ ОЙЫНДАРЫН 28-30 қыркүйек күндері 7 арнадан тамашалай аласыздар

«Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ ұйымдастыруымен ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі азаматтық бастамаларды қолдау орталығының “Жастар арасында мемлекеттік тілді насихаттау бойынша іс-шараларды өткізу” гранты...