Көкшетау қаласы, «Жайдарман» және «Жайдарлы Жас Ұлан» топтарына арналған семинар

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен «Қазақстан жастарының Конгресі» және «Қазақстан КВН Одағы» республикалық жастар ұйымдарының ұйымдастырумен қыркүйектің 30 күні Көкшетау қаласында «Жайдарман» және «Жайдарлы Жас Ұлан» топтарына арналған семинар өтті.
Семинардың мақсаты — жастардың зияткерлік және шығармашылық әлеуетін дамыту, Қазақстан халықтарының мәдениеті мен тарихы, тіл білуі арқылы өскелең ұрпақтың бойынша рухани-адамгершілік сезімді қалыптастыру. КТК ойындары арқылы мемлекеттік тілді дамыту. Қазақ тілін кеңінен қолдану аясын кеңейту және оның қоғамдағы беделін арттыру, азаматтық белсенділікті күшейту, танымдық қызметке ынталандыру.
Семинарға Көкшетау қаласының республикалық, облыстық және аудандық, сондай-ақ, мектепшілік деңгейде өнер корсетіп жүрген жайдарман топтары қатысты.

More from the blog

14 қараша күні жайдарманның «Елорда кубогы-2021» арнайы жобасы өтті.

14 қараша күні жайдарманның "Елорда кубогы-2021" арнайы жобасы өтті. Еліміздің үздік командаларынан бөлек, өзбекстандық "Бұхара" командасы қатысып, бұл сайыстың дәрежесін халықаралық деңгейге көтеріп тастады....

«Шабыт»құрамасы «ELORDA KUBOGY-2021» иегерлері.

Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Елорда кубогы-2021» Жайдарман ойыны 14-қараша күні Бейбітшілік және келісім сарайында өтті. Оған Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен...

«РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАУСЫМАШАР ФЕСТИВАЛІНІҢ» ІРІКТЕУ ОЙЫНДАРЫН 28-30 қыркүйек күндері 7 арнадан тамашалай аласыздар

«Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ ұйымдастыруымен ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі азаматтық бастамаларды қолдау орталығының “Жастар арасында мемлекеттік тілді насихаттау бойынша іс-шараларды өткізу” гранты...