«Магистр» атанған жайдарманшылар

Өткен аптада танымал жайдарманшылар Сейтова Айзат пен Шарапов Нұрболхан Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің магистратурасын тәмамдады. 17 маусым күні магистрлік диссертацияларын сәтті қорғап шыққан болатын.

Енді, Айзат — гуманитарлық ғылымдар магистрі,

JozZLvKSDrU

ал Нұрболхан болса, әлеуметтік ғылымдар магистрі.

«Жайдармандағы» магистрлер тек бұл екеуі ғана емес. «Әдебиет маусымының» чемпиондары Қасымов  Абылайхан мен Әбділдә Дәмір күні кеше әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің магистратурасын бітірді. Абылайхан — әлеуметтік ғылымдар магистрі, Дәмір — гуманитарлық ғылымдар магистрі.

Ең бастысы, төртеуі де  магистрлік диссертацияларын «бес» деген бағаға қорғады. Өздерінің «магистр» атақтарына әлі үйреніп үлгермеген жайдарманшыларды біз өз кезегімізде құттықтаймыз! Дипломдарыңның жемісін көріңдер!

More from the blog

14 қараша күні жайдарманның «Елорда кубогы-2021» арнайы жобасы өтті.

14 қараша күні жайдарманның "Елорда кубогы-2021" арнайы жобасы өтті. Еліміздің үздік командаларынан бөлек, өзбекстандық "Бұхара" командасы қатысып, бұл сайыстың дәрежесін халықаралық деңгейге көтеріп тастады....

«Шабыт»құрамасы «ELORDA KUBOGY-2021» иегерлері.

Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Елорда кубогы-2021» Жайдарман ойыны 14-қараша күні Бейбітшілік және келісім сарайында өтті. Оған Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен...

«РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАУСЫМАШАР ФЕСТИВАЛІНІҢ» ІРІКТЕУ ОЙЫНДАРЫН 28-30 қыркүйек күндері 7 арнадан тамашалай аласыздар

«Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ ұйымдастыруымен ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі азаматтық бастамаларды қолдау орталығының “Жастар арасында мемлекеттік тілді насихаттау бойынша іс-шараларды өткізу” гранты...