Нұр-Сұлтан қалалық Жайдарман біріншілігінің жартылай финалы өтті

Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық даму істері басқармасының  қолдауымен Нұр-Сұлтан  қалалық  Жайдарман біріншілігінің  жартылай  финалы өтті. Ойын 11  қараша күні  Нұр-Сұлтан  қаласы,  Жастар  сарайында ұйымдастырылды.  1/2 финалды  Нұр-Сұлтан  қаласы  Жайдарман ойындарының  директоры Жүсіпжан Жамаш жүргізді.   Қалалық  біріншілікке жалпы  саны  40- тан  аса  команда  өтініш  білдіріп, 18  командаға  чемпионатқа қатысу үшін  жолдама берілген  болатын. 1/4 финалда  ойнаған 18  командадан  іріктелген   12 команда  жартылай  финалда  өнер көрсетті.

Қазылар  алқасының  құрамында Қазақстан КВНОдағының  атқарушы директоры  Р.Елжанов,  Жоғары  Лига ойындарының  редакторы  Бекзат Дүйсенов, Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық  даму  істері  басқармасы жастармен  жұмыс бөлімінің  бас маманы  Ақұлан Тастемір, Жайдарман  ойындарының  2015 жылғы  чемпионы «Күлтегін» командасың мүшесі Әділет Төлеутай болды.

Жартылай финалға іріктелген  командалар  үлкен дайындықпен  келген. Ойын  «Сәлемдесу» және «Бес әзіл»  деп аталатын екі  кезеңнен тұрды. Көрермен  мен қазылар  алқасының  көңілінен  шыққан  командалар  финалға жолдама  алды.  Үздіктердің  қатарынан  табылған  командалар:

  1. Екінші құрама – Қазақ Технология және Бизнес университеті
  2. Евразиат — Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті
  3. Қолтырауын- Еркін құрама
  4. ЖК Қыз Жібек – Еркін құрама
  5. Шабыт – Қазақ Ұлттық Өнер университеті
  6. КазАгро

Енді  бұл командалар  26 қарашада, КазМедиа  орталығында өтетін  финалық  бәсекеде бақ  сынап, біріншіліктің  чемпионы атануға таласатын  болады.

More from the blog

14 қараша күні жайдарманның «Елорда кубогы-2021» арнайы жобасы өтті.

14 қараша күні жайдарманның "Елорда кубогы-2021" арнайы жобасы өтті. Еліміздің үздік командаларынан бөлек, өзбекстандық "Бұхара" командасы қатысып, бұл сайыстың дәрежесін халықаралық деңгейге көтеріп тастады....

«Шабыт»құрамасы «ELORDA KUBOGY-2021» иегерлері.

Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Елорда кубогы-2021» Жайдарман ойыны 14-қараша күні Бейбітшілік және келісім сарайында өтті. Оған Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен...

«РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАУСЫМАШАР ФЕСТИВАЛІНІҢ» ІРІКТЕУ ОЙЫНДАРЫН 28-30 қыркүйек күндері 7 арнадан тамашалай аласыздар

«Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ ұйымдастыруымен ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі азаматтық бастамаларды қолдау орталығының “Жастар арасында мемлекеттік тілді насихаттау бойынша іс-шараларды өткізу” гранты...