Нұр-Сұлтан қалалық Жайдарман біріншілігінің финалы өтті

Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық даму істері басқармасының  қолдауымен ұйымдастырылған «Нұр-Сұлтан  қалалық  Жайдарман біріншілігі-2019» ойыны қорытындыланды. Қалалық  Жайдарман біріншілігінің   финалы 26 қараша  күні  Нұр-Сұлтан  қаласы,  ҚазМедиа  орталығында өтті. Ойынды Нұр-Сұлтан  қаласы  Жайдарман ойындарының  директоры Жүсіпжан Жамаш жүргізді.  Финалға өткен кезеңдерден  іріктеліп, жолдама алған 6  команда қатысты. Олар :

  1. Екінші құрама – Қазақ Технология және Бизнес университеті
  2. Евразиат — Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті
  3. Қолтырауын- Еркін құрама
  4. ЖК Қыз Жібек – Еркін құрама
  5. Шабыт – Қазақ Ұлттық Өнер университеті
  6. КазАгро командалары.

Қатысушы  командалар сәлемдесу және үй тапсырмасы кезеңдерінде  өнер көрсетіп, өзара  бақ  сынады. Үй  тапсырмасы  шартында жұлдызды жайдарманшылармен  бірге  өнер көрсетті.

Финалдық  ойында қазылар  алқасының  құрамында Қазақстан КВН Одағының  атқарушы директоры  Р.Елжанов, Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық  даму  істері  басқармасы жастармен  жұмыс бөлімінің  бас маманы  Ақұлан Тастемір, «Демеушіміз Болашақ» Жайдарман  тобының капитаны Нұрболхан Шарапов, жоғары  лига  ойындарының  2018  жылғы  чемпионы  «Байдың балалары»  командасының  чемпионы Нұрым Досбол және команда  ойыншысы  Ұлан Мықтыбек болды. 

Таласты тартысқа толы  өткен финалдық  бәсекеде, қазылар  алқасының ұйғарымымен «Нұр-Сұлтан  қалалық  Жайдарман біріншілігі-2019» ойынының чемпионы Қазақ  ұлттық өнер универсиетінің  студенттерінен құралған  «Шабыт»  командасы болды. Екінші  орынды іргелі  оқу  орындарының  бірі  Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия  ұлттық  университетінің  «Евразиат»  жайдарман тобы  иеленді. Жүлделі үшінші орынның  тұғырынан  ЖК Қыз Жібек командасы көрінді. Чемпион  атанған  командаға 500 000 теңге, вице-чемпиондарға 300 000, үшінші орынға -200 000  теңге көлемінде қаржылай  сыйлықтар берілді.  «Үздік  ойыншы»  номинациясымен  «Евразиат» командасының  капитаны  Нұрғали Байдулла  марапатталып, 50 000  теңге  көлеміндегі қаржығы ие болды.

Ойынға қатысқан  командалар тың дайындықпен келген. Командалардың барлығы  көрермен  көңілінен шығатын  ойын  өрнегін  көрсетті. Финалдық  ойынның  эфирі  жақын  күндері  Tamasha.tv телеарнасынан  көрсетіледі.

More from the blog

14 қараша күні жайдарманның «Елорда кубогы-2021» арнайы жобасы өтті.

14 қараша күні жайдарманның "Елорда кубогы-2021" арнайы жобасы өтті. Еліміздің үздік командаларынан бөлек, өзбекстандық "Бұхара" командасы қатысып, бұл сайыстың дәрежесін халықаралық деңгейге көтеріп тастады....

«Шабыт»құрамасы «ELORDA KUBOGY-2021» иегерлері.

Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Елорда кубогы-2021» Жайдарман ойыны 14-қараша күні Бейбітшілік және келісім сарайында өтті. Оған Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен...

«РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАУСЫМАШАР ФЕСТИВАЛІНІҢ» ІРІКТЕУ ОЙЫНДАРЫН 28-30 қыркүйек күндері 7 арнадан тамашалай аласыздар

«Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ ұйымдастыруымен ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі азаматтық бастамаларды қолдау орталығының “Жастар арасында мемлекеттік тілді насихаттау бойынша іс-шараларды өткізу” гранты...