Ойын керемет өтті. Бірақ, бірақ, бірақ…


Сайт жаңарғалы бірдеңе жазғым кеп жүрген, бірақ, жұмыстың жұмысын істеймін деп қол тимей кетті:) Жазатын дүние көп. Алдағы уақытта жазып отырамын. Алдымен ойындардан бастайын. Сонымен Жоғары лига, жартылай финал, 1 күн. 
Сарапшылардың болжамы қалай болғаны есімде қалмапты. Бірақ, топтағы командалардың атауы ойынның керемет өтетіндігінен хабар бергендей-ақ еді. Меніңше командалар сол атауларына ғана сенім артқан сияқты. Жалпылай алғанда ойын орташа деңгейде болды.

Қыздарға жайдарман ойнау жарасымды болар еді егер олардың жетекшісі мен авторы жігіт болса:) Ал, «Тек қана қыздар» жартылай финалға өздері дайындалып келген-ау шамасы. Әйтеуір, біразымыз осы кісілер сахнаға шыққанда «сотка» мен жерді шұқылап кеттік.

Мен ойындарынан ләззат алатын ол ҚазҰУ және «Сағыз» командалары. Бірақ бүгін емес.
«Сағызда» біркелкілік болмады. Жамбыату мен сұрақ-жауап – нағыз «Сағыздың» сайыстары. Тек үй тапсырмасы ғана бұл жігіттерге мойынсұнбай жүр. Пішонның бажасы да оларды құтқара алмады.

Бірінші жартылай финал қалай өтті деп сұраса, мен, соңғы 2 жылда ҚазҰУ өзінің ең нашар үй тапсырмасын көрсетті дер едім. Иә, тақырып тың, бірақ дайындық «зың» болмаған сияқты. Ал, сұрақ-жауапта жігіттер былтырғы финалдағы қателіктерін қайталады. Бірақ, ҚазҰУ «одноразовый» команда емес. Финалды оларсыз елестете алмай отырмын.

«Қорқыт» бұл жолы ізденген. Әзілдерінде кішкене жаңашылдық бар. Әсіресе үй тапсырмасы. Айға ұшу қызылордалықтарға жақын болғанымен дәл осы тақырыпта «Қорқыттың» әзіл ойнағаны есімде жоқ. Сондықтан өздері үшін де үйреншіксіз болды-ау:)

Құрылғанына 3 жыл болған оралдық «Назар аудар» өздерінің әдемі үй тапсырмасымен тағы да қуантты. Неге екені белгісіз осы команданы кезіндегі «ТехАСқа» ұқсатамын:) Осындай үй тапсырмалары үшін шығар:)

Қазылар туралы. Ең адекватты баға қойған ол Марат Достаев. Өйткені қазылар орташа ойынды жоғары бағалап жіберді. Әділ Ахметовтің «өмірлеріңіздегі ең алғашқы ғажайып сәт» деген сұрағы журналистердің «басыңыздан өткен қызық оқиға» типтес сауалын еске түсіріп жіберді.

Сыни пост деп қабылдамаңыздар, өз ойымды жаздым:)

Нұрмахан Мұқанұлы

More from the blog

14 қараша күні жайдарманның «Елорда кубогы-2021» арнайы жобасы өтті.

14 қараша күні жайдарманның "Елорда кубогы-2021" арнайы жобасы өтті. Еліміздің үздік командаларынан бөлек, өзбекстандық "Бұхара" командасы қатысып, бұл сайыстың дәрежесін халықаралық деңгейге көтеріп тастады....

«Шабыт»құрамасы «ELORDA KUBOGY-2021» иегерлері.

Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Елорда кубогы-2021» Жайдарман ойыны 14-қараша күні Бейбітшілік және келісім сарайында өтті. Оған Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен...

«РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАУСЫМАШАР ФЕСТИВАЛІНІҢ» ІРІКТЕУ ОЙЫНДАРЫН 28-30 қыркүйек күндері 7 арнадан тамашалай аласыздар

«Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ ұйымдастыруымен ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі азаматтық бастамаларды қолдау орталығының “Жастар арасында мемлекеттік тілді насихаттау бойынша іс-шараларды өткізу” гранты...