Онлайн репортаж. Жоғары лига. Ширек финал. 1-топ

Қайырлы кеш, құрметті сайт оқырмандары! Бүгін елордадағы «Астана концертзалында» өткелі жатқан Жоғары лиганың ширек финал ойындарынан тікелей мәтіндік репортаж жүргізіп отырмақпыз. Қай команданың қандай баға алғанын, жартылай финалға қай команда жолдама алғанын білгіңіз келсе, бізбен бірге болыңыз.

Қатысатындар:  ХҚТУ (Түркістан), Сырдария (Жетісай), ҚЖУ (Алматы қаласы), Қармақшы (Қызылорда), Тұран-Астана (Астана);

Қазылар:  Көпен Әмірбек, Дана Нұржігіт, Алмат Сақатов, Берік Уәли, Мұрат Әбенов.

Жүргізуші: Әрине, ЕСЕН ЕЛЕУКЕН!

Сәл күте тұрыңыздар 🙂

 Бас редактор Рүстем Елжанов сахнада. Ал бас-тай-мыз…!

Бірінші болып, сахнаға ХҚТУ шықты.

БІр түрлі хабарлаушы. Бір түрлі қыз. Түркістанның жергілікті біртүрлі телеарнасы. Бір түрлі жақсы дайындықпен келген секілді) Қалжың. Өте жақсы орындау. Бірінші бастаған түркістандықтар залға да жақсы өткен секілді.

Келесі боп, ширек финалдағы жалғыз астаналық топ «Тұран Астана» шықты.

Төрт бірдей оңтүстік топтарына қарсы жалғыз астаналық құрама. Бірақ құрамында түгелімен шымкенттіктер екен. Тексеріс келген «Нұр Отан» партиясының кеңсесіндегі жағдай. Олимпиададан алтын мен күмісті толтырып әкеле жатқан спортшылардың сыйақысы туралы басы қатқан басшылық. Бұл топ та залды жақсы көтеріп әкетті деуге болады.

Келесі сахна төріне «Қармақшы» құрамасы шықты.

Шаш туралы ұзақтау әзіл. Бүгін әкімдерге көп тиіскен екен.Сумкасын жоғалтқан оқушы. Джим Керидің «маскасын тауып алған отбасы және бір түрлі отбасы» туралы әзіл. Бір түрлі көп болды бүгін. Бас жағы көрерменді жалықтырғандай болғанмен, соңғы әзілдерін «өткізіп жіберді» деуге болады.

 Сахнада Алматының «сөзшең» жігіттері «ҚЖУ» құрамасы.

Қоғамдағы біраз мәселені әзлмен қозғап өткен алматылықтар біраз терін шығарып алды.

Сахнада «Сырдария»құрамасы.

Жетісайдан палау әкелгендер, бойында жыны бар жігіт, көп сөйлейтін жігіт, жол білмейтін таксист, сиыр сатқан ерлі-зайыптылартуралы әзілдерді «ала келген екен. Әдеттегідей залды «көтере» алса да, бұрынғы деңгейден асыра алмағандай көрінді. Десе де, тұрмыстық әзілдерімен көрерменді баурай білді.

Сонымен «Сәлемдесу» бағасы:

«ХҚТУ» құрамасы — 44444-4

«Тұран-Астана» құрамасы- 54555-4,8

«Қармақшы» құрамасы- 45444-4,2

«ҚЖУ» құрамасы- 54544-4,4

«Сырдария» құрамасы-55555-5

Келесі сайыс — «Әуенді жамбы ату»

Сайыс бағасы:

 «ХҚТУ» құрамасы — 0,9

«Тұран-Астана» құрамасы — 0,7

«Қармақшы» құрамасы — 0,6

«ҚЖУ» құрамасы — 0,8

«Сырдария» құрамасы — 1

Соңғы сайыс — «Көрініс». Сахнада «ҚЖУ құрамасы».

Ауыл әкімінің алғашқы күні.

Сахнада — «Тұран-Астана».

«Уақыт машинасын» жасап шығып, болашаққа саяхаттаған жігіттер.

Келесі болып сахнаға «ХҚТУ» шықты.

Әлеуметтік желідегі парақша админдерінің жиындары.

Келесі кезек «Қармақшыда»

Адамға қарсы төтеп беретін қару ойлап таппақшы болған жануарлар.

«Сырдария» сахнада

Соғыстағы өмір

Қазылар алқасы сөйлеуде.

Берік Уәли: «Сахнаға алып шығуға тұрарлық әзілдер көп болды»

Мұрат Әбенов: «Маған Тұран Астана мен Сырдария қатты ұнады»

Дана Нұржігіт: «Жетісайдың жігіттері жарады»

Алмат Сақатов: «Жайдарман — айқас алаңы секілді. Бүгінгі айқастан мықты снайперлер де, танктер де, атты әскерлер де, ауыр арттеллериясын да көрдім».

Көпен Әмірбек: «Бұрын Жайдарманда жұртты күлдіреміз деп арзан нәрселерді айтатын еді, қазір маржан нәрселерді көрсететін болған».

«Көріністің» бағалары:

ҚЖУ құрамасы — 44444-4

Тұран-Астана құрамасы — 54555-4,8

ХҚТУ құрамасы — 43444-3,8

Қармақшы құрамасы — 43555-4,4

Сырдария құрамасы — 55555-5

Жалпы баға:

Резервте:

ХҚТУ құрамасы — 8,7

ҚЖУ және Қармақшы құрамасы — 9,2

Тікелей жолдама алғандар:

Тұран-Астана құрамасы — 10,3

Сырдария құрамасы — 11

More from the blog

14 қараша күні жайдарманның «Елорда кубогы-2021» арнайы жобасы өтті.

14 қараша күні жайдарманның "Елорда кубогы-2021" арнайы жобасы өтті. Еліміздің үздік командаларынан бөлек, өзбекстандық "Бұхара" командасы қатысып, бұл сайыстың дәрежесін халықаралық деңгейге көтеріп тастады....

«Шабыт»құрамасы «ELORDA KUBOGY-2021» иегерлері.

Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Елорда кубогы-2021» Жайдарман ойыны 14-қараша күні Бейбітшілік және келісім сарайында өтті. Оған Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен...

«РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАУСЫМАШАР ФЕСТИВАЛІНІҢ» ІРІКТЕУ ОЙЫНДАРЫН 28-30 қыркүйек күндері 7 арнадан тамашалай аласыздар

«Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ ұйымдастыруымен ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі азаматтық бастамаларды қолдау орталығының “Жастар арасында мемлекеттік тілді насихаттау бойынша іс-шараларды өткізу” гранты...