РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ЖАСТАР» ЖАЗҒЫ ФЕСТИВАЛІ | РЕСМИ ЕСЕП

2015 жылғы 4-8 тамыз аралығында Астана қаласы Жастар сарайында  «Қазақстан КВН Одағы» республикалық жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен, ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен  Халықаралық жастар күніне орай «Жастар» жазғы фестивалі өтті. Шара жастардың жан-жақты шығармашылық қабілеттерін дамыту және олардың зерделік потенциалын жүзеге асыру және жастар мен жасөспірімдердің зияткерлік, шығармашылық және әлеуметтік  дамуы үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында ұйымдастырылды.

 Естеріңізде болса, «Жастар» жазғы фестиваліне онлайн тіркелу екі ай бұрын бастау алған болатын. Осы уақыт көлемінде алпысқа жуық команда тіркеліп, шараға отыздан астам команда, 300-ге жуық команда мүшелері мен жетекшілері, БАҚ өкілдері және блоггерлер қатысты.

Бірінші күн (4 тамыз).  Командаларды тіркеу. Фестивальдің алғашқы күнінде командалар өз қалаларынан елордамызға келіп,  «Қазақстан КВН Одағының» кеңсесінде арнайы тіркелді. Оның ішінде ауылдың, қаланың, ауданның командаларымен қатар республикалық деңгейде өнер көрсетіп жүрген танымал командалар да болды.

Екінші күн (5 тамыз). Фестивальдің ашылуы. Алғашқы редакторлық жұмыстар. Семинар-тренингтер. 5 тамыз күні «Жастар» жазғы фестивалінің салтанатты ашылуы өтті. «Қазақстан КВН Одағының» Президенті Есен Елеукен мен редакторлары Рүстем Елжанов, Қасиет Кәрім, Бекзат Дүйсенов жан-жақтан келген жайдарман топтармен танысып, фестиваль туралы толық ақпарат беріп өтті. Шараның ашылуы барысында жеребе тартылып, командалардың редактурадан өту реттілігі анықталды. Сондай-ақ, командалар топ-топқа бөлініп, жетекшілер тағайындылар болды. Жетекшілер құрамында танымал жайдарманшылар – Айзат Сейтова, Дәулет Қадыров, Айжан Байкен және «Қазақстан КВН Одағының» әкімгерлері – Алуа Қуанова мен Гүлмира Ағанас болды.

Фестивальге тіркелген командалар осы күні редакторлық жұмыстардың алғашқы турынан өтті. Редакторлардың әр команданың дайындаған материалына сай шешімдерімен гала-концертке өткен жайдарман топтарының тізімі анықталды.

Редактура аяқталған соң, жас жайдарманшылар мен редакторлар, ардагер жайдарманшылар арасында ашық сұхбат жүргізіліп, семинар өткізілді. Редакторлар алқасы редактурадан өткен барлық командалардың сценарийлерін талқыға салды. Ресми шаралар аяқталған соң, жайдарманшылар «Астана арена» стадионында өткен «Астана – Хик» ойынынын тамашалап, «Астана» футбол клубына жанкүйер болып қайтты.

Үшінші күн (6 тамыз). Филиал директорлары мен командаларға жиналыс өткізілді. Алдағы жоспарланған шаралар мен жасалған жұмыс нәтижелері талқыланды. Түскі үзілістен кейін жайдарманшылар арасында футболдан ашық біріншілік өткізілді. Қатысушылар төрт топқа бөлініп, өзара сайысқа түсті. Ойын қорытындысы бойынша, «Сырдария құрамасының» капитаны – Марат Сәрсенбаев бастаған команда жеңіске жетті. Сондай-ақ, Марат «Үздік ойыншы» номинациясының иегері атынды. Футболға қатыспаған командаларға редакторлық жұмыс жүргізілді. Сағат 18.00-де Жоғары лиганың жартылай финалына қосымша жолдама иегерлерін анықтау үшін ойын өткізілді. Алайда, нәтиже гала-концертте хабарланды.

SJEZt5Ah1G0

Төртінші күн (7 тамыз). Гала-концертке өткен командаларға редакторлық жұмыс. Жайдарманшыларға арналған семинар-тренингтер. Конкурстар. Ашық фестиваль.

 Жайдарманның жазғы фестивалінің төртінші күні жас жайдарманшылардың халықаралық деңгейде өнер көрсетіп жүрген «Спарта» командасының капитаны Данияр Жұмаділов және 2011 және 2014 жылғы Жоғары лига чемпиондары Бекзат Дүйсенов пен Ақылбек Скендіровтің  кездесуі өтті. 

Ардагер жайдарманшылар өз тәжірибелерімен бөлісті. Семинаардан соң гала-концертке өткен командаларға редактуралық жұмыстар жүргізілді. Түскі үзілістен соң, жайдарманшылар арасында түрлі конкурстар ұйымдастырылды: домбыра party, асық ойнау, бес тас ойыны,  плагиат шоу, бауырсақ жеуден сайыс, импрвизация шоу, алфавит сайысы сынды конкурстар.        Барлық конкурстар қорытындысы бойынша жеңімпаздарға кубоктар табысталды: 

  • «Алтын домбыра» — Әбу Жолым «Жалын» жайдарман тобы;
  • «Қомағай» — Жүсіпжан Жамаш, «Тұран Астана» жайдарман тобы;
  • «Алтын сақа» — Сейіл Ибатов, Берік Түменбаев, Жанболат Кеңшіліков;
  • «Плагиат шоу» — «Көз тимесін» КВН командасының әзілдерін ойнаған Нұрбол Сағидуллин, Дәулет Бекмағамбетов, Нұрлыбай Жұмағалиев, Жомарт Зиябек, Айткүл Жұмақан;
  • «Алфавит сайысы» — Жанболат Кеңшіліков, «Қармақшы құрамасы»
  • «Импровизация үздігі» — Бауыржан Назаров, «Қатынас жолдары университетінің құрамасы»;
  • «Бес тас» сайысы – Айткүл Жұмақан, «Бойжетпегендер».

Бесінші күн (8 тамыз). Басты дайындық. Гала-концерт. Қатысушы командаларға төрт күн бойы редактуралық жұмыстар жүргізілді. Қорытындысы бойынша ең үздік командалар іріктеліп, телетүсірілімі бар «Гала-концертке» қатыстырылды. Концерт барысында, командалар 3 түрлі жолдама үшін сайысқа түсті.

 Республикалық бірінші лигаға жолдама үшін:

  • «Бойжетпегендер», Алматы
  • «Ерке қыздар», Астана
  • «Студенттер қалашығы», Алматы облысы

Республикалық Премьер лигаға жолдама үшін:

  • «АИГИ құрамасы», Атырау
  • «Жалын», Жаңаөзен
  • «Қатыныс жолдары университетінің құрамасы», Алматы
  • «Энерго», Астана

Республикалық Жоғары лиганың жартылай финалына жолдама үшін:

  • «Шу-чу», Жамбыл облысы
  • «Шымкент жастар құрамасы», Шымкент
  • «Нұр», Астана
  • «Павлодар жастар құрамасы», Павлодар облысы
  • «Сырдария құрамасы», Жетісай қаласы

Гала-концерт соңында көрермендер «Жаснар» жайдарман тобының өнерін тамашалады.

Ойын қорытындысы бойынша, «Студенттер қалашығы» жайдарман тобы республикалық бірінші лигаға, «АИГИ құрамасы» республикалық Премьер лигаға, ал «Павлодар жастар құрамасы» және «Сырдария құрамасы» республикалық Жоғары лиганың жартылай финалына жолдама алды.

 «Жастар» жазғы фестиваліне қатысқан барлық командаларға алғыс білдіре отырып, сәттілік тілейміз. Фестиваль алдағы уақытта өз жалғасын тауып, дәстүрге айналады деп жоспарлануда.

????????????????????????????????????
????????????????????????????????????

More from the blog

14 қараша күні жайдарманның «Елорда кубогы-2021» арнайы жобасы өтті.

14 қараша күні жайдарманның "Елорда кубогы-2021" арнайы жобасы өтті. Еліміздің үздік командаларынан бөлек, өзбекстандық "Бұхара" командасы қатысып, бұл сайыстың дәрежесін халықаралық деңгейге көтеріп тастады....

«Шабыт»құрамасы «ELORDA KUBOGY-2021» иегерлері.

Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Елорда кубогы-2021» Жайдарман ойыны 14-қараша күні Бейбітшілік және келісім сарайында өтті. Оған Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен...

«РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАУСЫМАШАР ФЕСТИВАЛІНІҢ» ІРІКТЕУ ОЙЫНДАРЫН 28-30 қыркүйек күндері 7 арнадан тамашалай аласыздар

«Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ ұйымдастыруымен ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі азаматтық бастамаларды қолдау орталығының “Жастар арасында мемлекеттік тілді насихаттау бойынша іс-шараларды өткізу” гранты...