Республикалық Жоғары лига. Ширек финал | РЕСМИ ЕСЕП

Ағымдағы жылдың 22-24 сәуірі аралығында Астана қаласы «Қазмедиа» орталығында Республикалық Жоғары лиганың ширек финалдық сайыстары өтті. Тарихта қалар чемпионды анықтауға әлі ерте болғанымен сахна төрі қызу сайыс алаңына айналды. Үш күнге созылған ойында үздік деп танылған 14 команда өнер көрсетті. Бірінші топта  «Шымкент жастар құрамасы», «Тұңғыш астана»,  «Күлтегін», «Аягөз құрамасы», «Павлодар жастар құрамасы», екінші топта — «Сырдария құрамасы», «Күлкі терапиясы», «Сағыз», «Шу-Чу», «ЖасНАР» командалары, ал үшінші топта — «НҰР», «Альянс», «Тек қана қыздар»,  «Қармақшы құрамасы» командалары өнер көрсетті. Ертеректе  хабарлағанымызда алматылық «АЭСА» жайдарман тобы да өнер көрсетуі керек болатын. Алайда белгілі бір себептерге байланысты команда ойынға қатыса алмады. Нақтырақ айтсақ, команда капитаны Мейрамхан Шалқыбаев «Тамаша» әзіл-сықақ театрына қабылданды. Бұл жөнінде әлі де толығырақ ақпарат беретін боламыз.

_S1A6585

Енді ойын жайында… Төрт кезеңнен тұрды: 1.Сәлемдесу — «Көнбейді тарих бос сөзге». 2.Ширату және әзіл бәйге сайысы. 3.Әуенді сайыс. 4.Көрініс сайысы — «Шындықтың шырайы тарихта».

_S1A6949

Ойын барысында қатысушы командалар  тарих маусымының тарихын өз қолдарымен жасап, өнерлерімен көмкеруге сақадай сай екендіктерін көрсетті.

@tm.studio-109

Сайыс қорытындысы бойынша «Күлтегін» (16,0), «Аягөз құрамасы»(15,0), «Күлкі терапиясы» (15,4), «Сағыз» (16,2), «ЖасНАР» (14,6),  «Альянс»(14,4), «Тек қана қыздар» (14,2), «Қармақшы құрамасы»(15,2) келесі ойынға тікелей жолдама алды. Ал резервтегі командалар арасынан кімнің жартылай финалға өтетіндігі қыркүйек айында болатын «Астана қаласы әкімінің кубогы 2015» республикалық арнайы жобасында белгілі болады.

_S1A5851

 «Қазақстан КВН Одағының» Президенті Есен Елеукен: «Талай топтың алдын орып, қара үзіп шығып, ширек финалға жеткен жүйріктердің ішінен жартылай финалға қайсы шығатынын осы ойын барысында біржола анықтайтын боламыз. Олардың арасында осалы жоқ, тек мықты ойын көрсеткендер ғана келесі кезеңге өтеді. Біздің де көргіміз келетіні сол әдемі әзіл, қазақы қалжың! – деген болатын.  Олай болса, жартылай финалға өткен командаларға тілеріміз – тек сәттілік!

More from the blog

14 қараша күні жайдарманның «Елорда кубогы-2021» арнайы жобасы өтті.

14 қараша күні жайдарманның "Елорда кубогы-2021" арнайы жобасы өтті. Еліміздің үздік командаларынан бөлек, өзбекстандық "Бұхара" командасы қатысып, бұл сайыстың дәрежесін халықаралық деңгейге көтеріп тастады....

«Шабыт»құрамасы «ELORDA KUBOGY-2021» иегерлері.

Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Елорда кубогы-2021» Жайдарман ойыны 14-қараша күні Бейбітшілік және келісім сарайында өтті. Оған Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен...

«РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАУСЫМАШАР ФЕСТИВАЛІНІҢ» ІРІКТЕУ ОЙЫНДАРЫН 28-30 қыркүйек күндері 7 арнадан тамашалай аласыздар

«Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ ұйымдастыруымен ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі азаматтық бастамаларды қолдау орталығының “Жастар арасында мемлекеттік тілді насихаттау бойынша іс-шараларды өткізу” гранты...