Студенттер күніне арналған «Жастар кубогы» арнайы жобасы өтті

Астана қаласында 12 қараша күні 18:00-де Қазмедиа орталығында халықаралық  Студенттер күніне арналған «Жастар кубогы» республикалық арнайы жобасы өтті.

«Жайдарман» биыл студенттер күнін ерекше атап өтуді жөн көрді. Ия, бұл мереке жайдарманшылар үшін өте маңызды. Себебі нағыз жайдарманшы қалыптасатын кезең – студенттік кез. Сонымен қатар жайдарманның жайдары көрермендері де – негізінен студенттер. Сондықтан да болар Еліміздің түкпір-түкпірінен келген 15 команда құрамындағы 200-ден астам жайдарманшы көрермендердің патша көңілдерін жадыратып, ерекше керемет көңіл-күй сыйлады.

Арнайы жобаны, әдеттегідей, Қазақстан КВН Одағы ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен ұйымдастырды. Жүлделі орын алған командаларға 400 000, 300 000 және 200 000 теңге көлемінде қаржылай сыйақылар табысталды.

Ойын қорытындыласақ, III орынды республикалық Жоғары лиганың биылғы жартылай финастері ақтөбелік «Фемида».

Ал, күміс жүлде Алматының арулары «Ханшайым» командасының еншісінде кетті.

«Жастар кубогы» арнайы жобасының бас жүлдесін талдықорғандық әңгімешіл үш жайдарманшыдан құралған «Шапалақ құрамасы» қанжығаларына байлады.

Осы жеңімпаздарды анықтаған қазылар алқасының құрамында болғандар: қоға қайраткері Мұрат Әбенов, Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Жастар саясаты департаментінің директоры Ғабидолла Оспанқұлов, азаматтық бастамаларды қолдау орталығының басқарма төрағасы Нұрлан Өтешев, Қазақстан Студенттер альянсының көбасшысы Мейіржан Әбілхас, «Қазақстан Халқы Ассамблеясы» қоғамдық қорының директоры Құрманбек Жұмағали және  «Қазақстан» ұлттық телеарнасында жаңалықтар жүргізушісі Маралбек Сағынғанов.

Барлық қатысқан командалар мынаай реттілікпен өнер көрсетті:

  1. «Аграрка құрамасы»
  2. «Рахмет»
  3. «ЕҰУ құрамасы»
  4. «Қарқаралы құрамасы»
  5. «Қорғалжын құрамасы»
  6. «АТУ құрамасы»
  7. «Энерго»
  8. «Ару.kz»
  9. «Тұран-Aстана»
  10. «Шапалақ құрамасы»
  11. «Элемент»
  12. «Ханшайым»
  13. «Боранқұл»
  14. «Фемида»
  15. «ҚазИИТУ құрамасы«

«Жастар кубогы» 4-желтоқсан күні «Қазақстан» телеарнасынан көрсетіледі деп жоспарланған.

More from the blog

14 қараша күні жайдарманның «Елорда кубогы-2021» арнайы жобасы өтті.

14 қараша күні жайдарманның "Елорда кубогы-2021" арнайы жобасы өтті. Еліміздің үздік командаларынан бөлек, өзбекстандық "Бұхара" командасы қатысып, бұл сайыстың дәрежесін халықаралық деңгейге көтеріп тастады....

«Шабыт»құрамасы «ELORDA KUBOGY-2021» иегерлері.

Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Елорда кубогы-2021» Жайдарман ойыны 14-қараша күні Бейбітшілік және келісім сарайында өтті. Оған Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен...

«РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАУСЫМАШАР ФЕСТИВАЛІНІҢ» ІРІКТЕУ ОЙЫНДАРЫН 28-30 қыркүйек күндері 7 арнадан тамашалай аласыздар

«Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ ұйымдастыруымен ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі азаматтық бастамаларды қолдау орталығының “Жастар арасында мемлекеттік тілді насихаттау бойынша іс-шараларды өткізу” гранты...