«Сүйікті қалам – Қызылорда» маусымы ашық

«Әзірге Қызылорда қаласында жайдарман сайыстары өтпелі кезеңде. Биыл жайдарман сайыстарының тоқтап қалған себебі – біздер алдыңғы жылы қыс-күз маусымдық жүйемен чемпионатты ауыстырып жұмыс жасап көрсек деген болатынбыз. Бірақ, өкінішке орай біз ойлағандай сәтті жүзеге аса қоймады. Ал, чемпионат қайтадан өз орнына яғни оқу маусымы секілді қыркүйек-мамыр жүйесіне қайтарылды»,-деген «Қызылорда Жайдарман» орталығының директоры Абдусаид Тулеганов өз сөзінде тұрып, таланты тұла бойында жасырынған жастарға қолдау білдіру мақсатында  маусымды ашық деп жариялады.

x44SgAN0ITQ

 Жаңа маусым…Жаңа командалар…Жаңа әзілдер… Иә, биылғы маусым да өз ерекшеліктерімен бастау алды десек қателеспегендік болар. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде өткізілген маусымашарға көрермен болып келген кісілердің  санында шектеу жоқ. Себеп – жергілікті тұрғындардың жайдарман сайыстарына деген қызығушылықтары болса керек…

TRzedluogLA

Алдымен мектеп оқушылары үшін облыстық маусымашар шымылдығын ашып, көпшілік  оқушылардың өнеріне куә болды. Сонымен қатар, сапалы әзілдеріне қол соғып, өнерлі оқушыларға сәттілік тіледі. Іле-шала «Сүйікті қалам – Қызылорда» тақырыбымен бастау алған маусымның облыстық маусымашары өз жалғасын тауып, көрермендер жаңа маусымның жаңашылдықтарына риза болысты.

4OVo78X1L8s

Сонымен, облыстық маусымашарда өнер көрсеткен командаларға тоқталар болсақ…

1.Белкөл кенті әкімінің құрамасы  «Белкөл тұрғындары»

  1. Қызылорда гуманитарлық экономикалық колледжі «КГЭК» құрамасы
  2. И.Әбідкәрімов атындағы Қызылорда аграрлы техникалық колледжі «Асу» құрамасы
  3. Қазақ гуманитарлық заң және техникалық колледжі «АЭСКА» жастары
  4. Болашақ медицина колледжі «БМК» жастары
  5. Арал ауданы «Кіші Арал»
  6. Қызылорда медицина колледжінің құрамасы
  7. Шиелі индустриалды аграрлық колледжінің құрамасы
  8. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Қыз Жібек» қыздар құрамасы
  9. Өркениет колледжінің құрамасы
  10. Қазаңғап атындағы Қызылорда музыкалық колледжінің құрамасы
  11. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Алты Алаш» жайдарман тобы
  12. Сырдария ауданы «Тереңөзек құрамасы»
  13. 14. Шиелі ауданынан «Шиелі құрамасы»
  14. «Ақмешіт» институтынан «Сыр ұландары»
  15. «Абылай хан» құрамасы
  16. «Өмір юмор» жайдарман тобы
  17. Жаңақорған құрамасы
  18. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «ҚМУ» құрамасы
  19. Болашақ университеті «Бу»құрамасы

vVhf74cIbrI

Осы аталған командалар биылғы маусымда тақырып аясында өнерлерін ортаға салып, тапқырлықтарын таныта біледі деген сенімдеміз. Олай болса, жас жайдарман топтарына сәттілік тілейміз.

Айдана Әлиарыстан

More from the blog

14 қараша күні жайдарманның «Елорда кубогы-2021» арнайы жобасы өтті.

14 қараша күні жайдарманның "Елорда кубогы-2021" арнайы жобасы өтті. Еліміздің үздік командаларынан бөлек, өзбекстандық "Бұхара" командасы қатысып, бұл сайыстың дәрежесін халықаралық деңгейге көтеріп тастады....

«Шабыт»құрамасы «ELORDA KUBOGY-2021» иегерлері.

Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Елорда кубогы-2021» Жайдарман ойыны 14-қараша күні Бейбітшілік және келісім сарайында өтті. Оған Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен...

«РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАУСЫМАШАР ФЕСТИВАЛІНІҢ» ІРІКТЕУ ОЙЫНДАРЫН 28-30 қыркүйек күндері 7 арнадан тамашалай аласыздар

«Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ ұйымдастыруымен ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі азаматтық бастамаларды қолдау орталығының “Жастар арасында мемлекеттік тілді насихаттау бойынша іс-шараларды өткізу” гранты...