Шықса-болжам, шықпаса-сандырақ…


Ертең финал. Қиын финал. Қызық финал. 

Биылғы финал интригаға толы. Ең алдымен бұл финал екі күндік марафон іспеттес, демек, командалардың алысқа шабу мүмкіндігі сынға түседі. Конкурстары көп финал, демек, авторлар сынға түседі. Жайдарманның барлық дерлік конкурстары қосылды, демек, командалардың жан-жақтылығы сынға түседі. Демек, чемпион кім боларын тап басып айту өте қиынға соғатын секілді. Дегенмен, тырысайық.
Сонымен, командалар туралы бастапқы ойым.
ҚазҰУ құрамасы.
Шынына келсек, биылғы жартылай финалдағы сүріну команданы біраз есеңгіреткендей болды, меніңше. Себеп, бұл команда қашанда өздерінің тыңғылықты дайындығымен көзге түсетін, яғни, әр ойынға команда сақадай-сай дайындықпен, ың-шыңсыз, паникасыз келетін. Бұл өз кезегінде команданың өзіне деген сенімділігін нығайтатын еді. Дегенмен, жартылай финалдағы сәтсіздік команда үшін де, жанкүйерлер үшінде күтпеген жағдай болған секілді. Қазылар шешімімен өткен команда финалға жаңа серпінмен, жаңашыл бір идеямен келсе, жолы болуы мүмкін деп есептеймін. Команданың стилі керемет, оған сөз жоқ, бірақ, осы стильді дамыту керек секілді.
Назар аудар.
Команда кешенділігімен әйгілі. Соңғы уақытта үй тапсырмасы бойынша «алматылық мектепке» қарсы «тіс көрсетіп» жүрген командалардың бірегейі болып табылады. Бұл өсудің белгісі. Сонымен қатар, команданың өткен жылғы финалдан қалған өзіндік «қыжылдары» бар, ол әлі де іштерін тырнап жүрген сыңайлы. Бұл өз кезегінде чемпиондыққа ұмтылуға серпін беруі де, немесе, чемпиондыққа барар жолда кедергі болуы да мүмкін. Команданың ұнайтын жері, байқауымша, біз Назар аударды тек сахнада көріп жүрген жігіттерден тұрады деп есептегенмен, меніңше, команданың артында үлкен бір шығармашылық құрам бар секілді. Қателесуім мүмкін. бірақ, осылай болса, командаға қол соқпасқа шарам жоқ. Сосын, әрине, кешегі Ғазиздің тойы команданың дайындығына әсер етпеген болар деп үміттенем.

Демеушіміз болашақ
Нұрболхан қанша жерден өзім жаздым деп бет бақтырмағанмен, осы жолы команданың авторларына мықты сын болмақ. Оған команданың құрамындағы адам санының аздығы қосымша күш түсірері де сөзсіз. Дегенмен, жартылай финалдағы алған асуы тым биік, ендігі жерде көрермен де, әділ қазылар да сол меженің биіктігімен салысытырып бағалайды бұл команданы. Ол да қосымша қиындық әкеледі. Дегенмен, импровизациялық сайыстарда негізгі тартыс осы команда мен Қорқыт құрамасы арасында өтетін секілді, меніңше.

Қорқыт құрамасы
Гон әзілдің перілері. Құттыбайдың қатысуымен бірнеше қимылдық фишкалар болатыны сөзсіз. Тек биші қыз қосатын болсаңдар, онымен әуелі өздерің қайта-қайта дайындалып, көз үйретіп алуды ұмытпаңдар, әйтпесе, жартылай финалдағы суреттерге қарасақ, көрермен де, өздерің де есіл-дертің биші қыздың билеген дене мүшелеріне қараумен болған секілдісіңдер (әзіл). Команда бұл жолы да, әлде массовка, әлде бір би секілді елең еткізерлік жаңалық қосып келетін секілді болжауымша. Дегенмен, 2 сайысты гон әзілмен өтуге болар, бірақ, екі күнге созылған 7 сайыстың бәріне гон әзілдермен шығу қиындау болатын секілді, сондықтан, сценарийдің құрылымына бұл жолы жақсырақ мән берілу керек, өз ойым.

ЖасНАР
Арал-АСтың жолдамасымен өткен команда. Шынымды айтсам, жеке өзіме мықты ұнайтын команда. техникалық, аудио-видео шешімдер, реквизит қолдануда ұқыптылық пен ұтқырлықты қатар алып жүретіндігімен ұнайды. Дегенмен, алғашқы финалда жеңіске жету мүмкіндігін сәл де болса төмендеу бағаладым, дегенмен, басқа командалардың нервісін біраз қоздыратыны сөзсіз. Биыл Астанаға бой үйретіп, келесі жылы, дәл осы команда жоғарғы лиганың сөзсіз жұлдызы боларына сенімім мол.

Очм, шамамен осы… Сөзді қорыта келе, биылғы чемпиондыққа басты үміткер ретінде ҚазҰУ мен Назар Аударды ұсынып отыр, қиялым. Қалғаны ойынның еншісінде. Күтеміз.

More from the blog

14 қараша күні жайдарманның «Елорда кубогы-2021» арнайы жобасы өтті.

14 қараша күні жайдарманның "Елорда кубогы-2021" арнайы жобасы өтті. Еліміздің үздік командаларынан бөлек, өзбекстандық "Бұхара" командасы қатысып, бұл сайыстың дәрежесін халықаралық деңгейге көтеріп тастады....

«Шабыт»құрамасы «ELORDA KUBOGY-2021» иегерлері.

Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Елорда кубогы-2021» Жайдарман ойыны 14-қараша күні Бейбітшілік және келісім сарайында өтті. Оған Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен...

«РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАУСЫМАШАР ФЕСТИВАЛІНІҢ» ІРІКТЕУ ОЙЫНДАРЫН 28-30 қыркүйек күндері 7 арнадан тамашалай аласыздар

«Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ ұйымдастыруымен ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі азаматтық бастамаларды қолдау орталығының “Жастар арасында мемлекеттік тілді насихаттау бойынша іс-шараларды өткізу” гранты...