Қызылордада халықаралық жайдарман фестивалі өтеді

Қызылорда облысының әкімдігі, облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Қазақстан КВН» Одағы республикалық жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Қызылорда қаласының 200 жылдығына орай 2018 жылдың 28 маусым күні сағат 18.00-де Н.Бекежанов атындағы мәдениет үйінде Қызылорда облысы әкімінің жүлдесіне арналған «KIELI MEKEN — QYZYLORDA»атты халықаралық жайдарман фестивалі өткізіледі.
Шараға Түркіменстан, Қырғызстан, Башқұртстан, Түріктер мен Қарақалпақ елдерінен жайдарманшы командаларымен қатар өзге өңірлерден  «Апорт» құрамасы — Алматы қаласы, «Миллион» командасы – Түркістан облысы, «Юсуф Мироғұлының қарындастары» – Алматы қаласы, «Грант» құрамасы — Батыс Қазақстан облысы, «Бір үйдің балдары» — Байқоңыр қаласы, «Қызылорда» құрамасы — Қызылорда облысының командалары өнер көрсетуі жоспарлануда.
Жеңімпаз атанған командалар жүлделі І орын – 500 000 теңге, ІІ орын – 300 000 теңге, ІІІ орын – 150 000 теңге және «Үздік ойыншы» — 50 000 теңгелей сертификаттармен кубоктармен марапатталатын болады.

 

More from the blog

14 қараша күні жайдарманның «Елорда кубогы-2021» арнайы жобасы өтті.

14 қараша күні жайдарманның "Елорда кубогы-2021" арнайы жобасы өтті. Еліміздің үздік командаларынан бөлек, өзбекстандық "Бұхара" командасы қатысып, бұл сайыстың дәрежесін халықаралық деңгейге көтеріп тастады....

«Шабыт»құрамасы «ELORDA KUBOGY-2021» иегерлері.

Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Елорда кубогы-2021» Жайдарман ойыны 14-қараша күні Бейбітшілік және келісім сарайында өтті. Оған Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен...

«РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАУСЫМАШАР ФЕСТИВАЛІНІҢ» ІРІКТЕУ ОЙЫНДАРЫН 28-30 қыркүйек күндері 7 арнадан тамашалай аласыздар

«Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ ұйымдастыруымен ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі азаматтық бастамаларды қолдау орталығының “Жастар арасында мемлекеттік тілді насихаттау бойынша іс-шараларды өткізу” гранты...