Бөлісу

«13 аймақтың» қысқа, нұсқа әрі толық емес бағаcы…

a97668

 

 

 

 

 

Жуырда «Қазақстан» телевизиялық каналынан «Жайдарманның» алғашқы ширекфиналының эфирі көрсетілді. Бір қарағанда, клубтың қарапайым кезекті ойыны. Бірақ «Жайдарман» жанкүйерлеріне, әсіресе оның оңтүстік жанашырларының резонансына ие болған, әлеуметтік желілерде пікір-таластытардың нысанына айналған жайт орын алды. Бұл Марат Достаевтың «13 аймақ» тобына төмен баға қоюы. Егер «Сәлемдесудегі» қойылған «1» ұпай дайындықсыз келген команданы жазалау ретінде қабылдауға болса, «көрініс» сайысындағы қойылған «3»-пен көрермендердің едәуір аз бөлігі келіскен болса керек. Макенің өз жерлестеріне неге осындай баға берді екен? Осы сұраққа жауап беру үшін барлық мүмкін болатын себептер туралы ойландым. Төменде көрсетілген нұсқалардың ешқайсысы фактілермен бекітілмеген, жай ғана өзімнің ойларым. Ал кеттік!

1-нұсқа. Шымкент «мафиясының» ішкі дау дамайы. Осыдан бірнеше жыл бұрын отандық шоу-бизнес туралы бағдарлама қарағанымда, Марат Достаев пен және Жайдарманның басқа белді ардагері Шапағат Орынбаев арасындағы жанжал туралы бейнесюжет көрген болатынмын. Көрерменнің назарын аудартып, жоғары рейтинг жинау үшін істейтін бұл бағдарламаға сенбедім. Алайда, өткен аптада көрсетілген эфирден кейін қайта ойланып қалдым. Бірақ «13 аймақтың» бұл жанжалға қандай қатысы бар деген сұрақ туындайды. Байланыс келесідей. Ғалымжан Молданазардың «Ақпен бірге» деген бейнебаянын және ондағы актерлік құрамға қарағанда, Шапағат пен жігіттер жақсы қарым-қатынаста екенін көруге болады, сәйкесінше олар бір «тусада». Енді осы жолы Марат команданың бірінші сайысқа дайындықсыз келгенін пайдаланып, «финалға дайындығы бар команда өту керек» деген ұстаныммен бүкіл ойында төмен баға қойды. Қысқаша айтқанда, Шапағаттың өнердегі інілерін финалға жібермеді. Бірақ мен шымкенттіктерді өте жақсы білемін, олар «үйдегі» болған әңгемі ешқашан сыртқа шығармайды, эфирге тіпті. Сондықтан бұл нұсқаның шын болу ықтымалдығы 20 %.
2 –нұсқа. Жігіттер Нұрболхан сияқты Макеңе KFC алып бермеді)) әлде топтағы жігіттердің біреуі өзінің үйлену тойына шақырмады. Тойға шақырмау шымкенттік адам үшін кісіні сыйламаудың ең жоғарғы формасы және ауыр «қылмыс» болып саналады. Нұсқаның шын болу ықтималдығы 1%.
3-нұсқа. Профилактика. Мүмкін «13 аймақ» жоғары лигадағы Шымкенттің намысын қорғап жатқан жалғыз топ болғандықтан, жігіттердің дайындығына қарап, халтурасына қарны ашып, намыстанғаннан Марат осындай баға қойған болу керек. Себебі өзі ойнаған «Көз тимесіннің» сол кездегі шымкенттік «Техас» болмаса «АЭСА» және бүгінгі «13 аймақтың» ойнын салыстырсақ, жер мен көктей(youtube-тың бар болғаны қандай жақсы). Мүмкін Марат сахнада осындай шымкенттік команданы көргісі келмегеннен командаға және премьер лигадағы «Байдың балалары» мен «Шымкент жастар құрамасына» сабақ болсын деген ниетпен төмен баға қойды. Егер әділ қазылар құрамындағы «өзіміздің жігіт» сондай баға қойса, онда еркелемей, еңбек етуден басқа амал қалмайды. Осы орайда менің есіме 2008 жылғы премьер лига финалы еріксіз есіме түседі. Ұпай бойынша сол кездегі ерекше форматта («Лас-Вегастан» бұрын «Четыре татаринадан» кейін фишки с замедлениями қолданған)»Өнер қырандарының» таза жеңісі, екінші орында «Шымқала» керемет ойын көрсетті, бірақ ұпай бойынша екінші орын. Сол кезде әділ қазылар құрамындағы шымкенттік Жәнібек Жанқараевтың ұсынысы бойынша чемпиондық атақты «қырандар» екінші орын алған жігіттермен бөлісті. Содан бастап 2011 дейін ол жақтың жігіттері тек қана премьерканы ұтып жүрді, ал кейін шымкенттің жайдарманы мүлдем «өшіп», регресске ұшырады. Содан болар, Маке туған жердің Жайдарманы қайта жандансын деген ниетпен топты осылай бағалауға шешті. Бұл нұсқаның шын болу ықтималдығы 90%.

P.s. Мақаланы бастап аяқтай алмай жүргеніме бір аптадай болып қалды. Сабақтан қолым босай алмады, кешірерсіздер. Актуалдығын жоғалтпаған шығар деп үміттенемін. Сонымен қатар, мақалада болған пунктуациялық, грамматикалық және сөйлемдегі сөз ретінің дұрыс болмауы үшін кешірім сұраймын. Басқа сын болса, пікір ретінде қалдырып кетуіңізді сұраймын.

Иманғалиев Рүстем, Ұлыбританиядан арнайы «Жайдарман» үшін.

Пікір қалдыру