2-3 қазан — Республикалық Алматы ашық лигасының 1/2 финалы

2017 жылы 2 және 3 қазан күндері, сағат 18.30-да Алматы қаласында Алатау киноконцерт залында  “Қазақстан КВН Одағы” РЖҚБ Алматы қаласы жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Республикалық Алматы Ашық лигасының жартылай финалдық сайыстарын» өткізуді жоспарлап отыр. Аталмыш шараның мақсаты – қағытпа қалжың мен астарлы әзілді ұштастыра отырып, жастар арасында көтеріліп жүрген өзекті тақырыптар мен қоғамда қызу талқыға түскен мәселелерді көрермен қауымға жеткізу. Сонымен қатар, алтын уақытын қиып келген жандарға жақсы көңіл-күй сыйлау.
Биылғы өткен жарты жылдықта әсем қаламыз Алматыда Республикалық Алматы Ашық лигасының ширек финалдық сайыстарын сәтті аяқтап, көрерменнің сүйікті бағдарламасы «Жайдарман» өз жұмысын бастады.

Кеш жүргізушісі Қазақстан КВН Одағы РЖҚБ Алматы филиалының директоры – Оңдасын Құлымбетов. Сондай-ақ, жоғары және премьер лигаларда әдемі ойын үлгісін көрсетіп, халықтың қошеметіне бөленіп жүрген танымал жайдарманшылар мен әзіл-сықақ шеберлері ойынға арнайы қонақ ретінде шақырылған.
Осы орайда, “Алматы Жайдарман” филиалы сіздерді 2 және 3 қазан  күндері сағат 18:30-да Алатау киноконцерт залында өтетін (Рысқұлов және Момышұлы көшелерінің қиылысы) көңілді кештің куәсі болуға шақырады.

«Алматы КВН» филиалы

More from the blog

14 қараша күні жайдарманның «Елорда кубогы-2021» арнайы жобасы өтті.

14 қараша күні жайдарманның "Елорда кубогы-2021" арнайы жобасы өтті. Еліміздің үздік командаларынан бөлек, өзбекстандық "Бұхара" командасы қатысып, бұл сайыстың дәрежесін халықаралық деңгейге көтеріп тастады....

«Шабыт»құрамасы «ELORDA KUBOGY-2021» иегерлері.

Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Елорда кубогы-2021» Жайдарман ойыны 14-қараша күні Бейбітшілік және келісім сарайында өтті. Оған Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен...

«РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАУСЫМАШАР ФЕСТИВАЛІНІҢ» ІРІКТЕУ ОЙЫНДАРЫН 28-30 қыркүйек күндері 7 арнадан тамашалай аласыздар

«Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ ұйымдастыруымен ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі азаматтық бастамаларды қолдау орталығының “Жастар арасында мемлекеттік тілді насихаттау бойынша іс-шараларды өткізу” гранты...