Бөлісу

Жайдарманшылар танымал тұлғалармен кездесті

IMG_1332

Маусымашар кестесіне сәйкес бүгін республикадан жиналған жайдарманшылар танымал тұлғалармен кездесті. Бүгінде ел алдында абыройы асқақ, мақсаты айқын, жұмысы жемісті жандар жеткілікті. Солардың қатарында қоғам қайтаркері, жастар жанашыры Мұрат Әбенов және танымал тележүргізуші, ардагер жайдарманшы Жасын Қанбаевтың да орындары ерекше. Осы танымал тұлғалардың ізгі тілектерін және орынды кеңестерін жастарға үлгі еткен дұрыс.

IMG_1371

Кездесу барысында жастар жанашыры Мұрат Әбенов бүгінде жайдарман арқылы қоғамдағы келеңсіз құбылыстарды көруге болатынын тілге тиек етті. Адамға алдымен білім мен талант керек екенін айтып, қай ортада болмасын өз орнын таба білген тұлға болуға ұмтылу керектігін ескертті. Жайдарман сайыстары арқылы қоғамда өзіндік орнын қалыптастырған азаматтарды көріп жүргенін де тілге тиек еткен Мұрат Әбенов жайдарманның деңгейі биікте екенін де айтып, жайдарманшыларды қуантты.

IMG_1347

Ал, танымал тележүргізуші, ардагер жайдарманшы Жасын Қанбаев әзілді қалай жазылу керектігін, түрлі бағыттағы идеяларды ойлап табу жастардың қолынан келетіндігін айта өтті. Әртүрлі бастамаларды көтеру барлық жастардың қолынан келетінін ескертіп, алға ұмтылуды ойлстырғанды жөн санады.

IMG_1368

Сонымен қатар, танымал тұлғалармен кездесу барысында жайдарманшы жастар көкейдегі сауалдарын қонақтарға қойып, тиісті жауаптарын алды.

Айдана Әлиарыстан

Пікір қалдыру