11 қараша елдігіміздің мерейтойына арналған «Жайдарман» ойыны өтті

Еліміздің Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойын тойлауға «Жайдарман» ойындары да өз үлесін қосты.  11 қараша күні Астана қаласында мерекеге арналған  «Жайдарман» ойыны өтті. Астана қаласының және республикамыздың бірнеше қаласынан келген қатысушы жайдарман топтары өзара сайысып, өте қызықты көріністерін қойды. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Жастар  саясаты департаменті қолдау көрсеткен бұл арнайы жобаға барлығы 15 команда және 200-ден астам жас жайдарманшылар қатысты. Ойынды жүргізген — республикалық Жайдарман ойындарының жүргізушісі, Қазақстан КВН одағы президенті Есен Елеукен.  Сайыс болғандықтан, үздіктерді таңдау  керек. Қазылық етіп, ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Жайдарман» ойынының жеңіпаздарын анықтаған: Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының бөлім басшысы Бақытжан Жүнісбеков, Қазақстан Студенттер Альянсының көшбасшысы Мейіржан Әбілхас, танымал тележүргізуші, белгілі телебағдарламалар авторы  Нұрмахан Мұқанұлы, және тележүргізушілер Маралбек Сағынғанов пен Нұрсұлтан Құрман.

Қазылар алқасы
Қазылар алқасы

Қорытынды бойынша,  жүлделі 3-орынды Қазақ технология және бизнес университетінің «Грация» командасы алды.

"Грация" командасы
«Грация» командасы

2-орынды Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің «ҚазАТУ құрамасы» командасы иеленсе,

ҚазАТУ құрамасы

ойынның бас жүлдесін «Семей құрамасы» қанжығалады.

Семей құрамасы: Әсет Жұмахан және Дархан Оспанов
Семей құрамасы: Әсет Жұмахан және Дархан Оспанов

Жеңімпаздарға 400, 300 және 200 мың теңге көлемінде сыйақылар табысталды.

Елдігіміздің мерейтойына арналған «Жайдарман» ойынының желтоқсан айында НТК телеарнасынан көрсетілуі жоспарланған.

Ойынның суреттері:

Аргарка құрамасы
Аргарка жастары
Целиноград құрамасы
Целиноград құрамасы
Арнайы
Арнайы

More from the blog

14 қараша күні жайдарманның «Елорда кубогы-2021» арнайы жобасы өтті.

14 қараша күні жайдарманның "Елорда кубогы-2021" арнайы жобасы өтті. Еліміздің үздік командаларынан бөлек, өзбекстандық "Бұхара" командасы қатысып, бұл сайыстың дәрежесін халықаралық деңгейге көтеріп тастады....

«Шабыт»құрамасы «ELORDA KUBOGY-2021» иегерлері.

Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Елорда кубогы-2021» Жайдарман ойыны 14-қараша күні Бейбітшілік және келісім сарайында өтті. Оған Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен...

«РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАУСЫМАШАР ФЕСТИВАЛІНІҢ» ІРІКТЕУ ОЙЫНДАРЫН 28-30 қыркүйек күндері 7 арнадан тамашалай аласыздар

«Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ ұйымдастыруымен ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі азаматтық бастамаларды қолдау орталығының “Жастар арасында мемлекеттік тілді насихаттау бойынша іс-шараларды өткізу” гранты...