Жеңімпаздар халықтаралық сайыс туралы қандай пікірде?

Әр аймақтың ғана емес, шет елдік жастардың да басын біріктіретін жобалардың бірі — халықаралық жайдарман сайысы. Моңғолия, Қарақалпақстан, Башқұртстан, Татарстан және Қырғызстан Республикаларынан жиналған ойын қызықты әрі тартысты өтті. Қатысушы 10 команда құрамындағылардың сайыстан алған әсерлері де жоғары деңгейде. Әсіресе, 1 миллион теңгені қанжығаға байлаған ноғайлықтар ерекше алғыс білдіруде. 


«Алтын орда» РФ Ноғай ауданынан келген «Ноғай құрамасы» жайдарман тобы:

  • Барлығы жоғары деңгейде өтті. Ұйымдастырушыларға шын жүректен алғысымызды білдіреміз. Бізді үшінші жыл қатарынан шақырған Есен ағаға да рақмет. Бұл жолы Қазақстанға команда құрамындағы кей жігіттер келіп үлгермесе, алғаш рет келгендері тан қалғандарын жасырмады. Өйткені, мейірімді  және қонақжай қасиеттерімен ерекшеленеді. Негізі, біз жеңіске жететінімізге күмәнданбадық және жеңіске жеттік. Әйткенмен, қарсылас командалардың да осал болмағанын айта кетейік. Бұл жеңісіміз жайдарман саласындағы мақсатымызды одан әрі дамытуға ынталандырды. Командамыздың атынан баршаларыңызға үлкен рақмет! Айтпақшы, ойынға қатысқандары үшін Шымкенттің «Миллион» командасына да алғыс айтамыз!

Сонымен қатар, сайыста «Үздік ойыншы» атанып, арнайы сыйлыққа ие болған Наиль Салаховтың да айтар пікірі бар.

 «Татарстан құрамасының» ойыншысы Наиль Салахов:

  • Басқа мемлекеттің сахнасында өнер көрсету қызық. Сайыс өте жоғары деңгейде ұйымдастырылған және жақсы өтті. Шынымды айтсам, бұл ойын үлкен тәжірибе болды. Біз өте жақсы деңгейде дайындалып келген болатынбыз. Залдағы көрермендер де жақсы қабылдады. Алайда, қазылар алқасы басқаша шешім қабылдады. Бірақ, келер сайысқа бас жүлденің иегерлері атану үшін Қазақстанға қайта ораламыз!

Айта кетейік, Халықаралық жайдарман сайысы “Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық даму істері басқармасы” ММ мен “Қазақстан КВН Одағы” республикалық жастар қоғамдық бірлестігінің қолдауымен ұйымдастырылды. 

More from the blog

14 қараша күні жайдарманның «Елорда кубогы-2021» арнайы жобасы өтті.

14 қараша күні жайдарманның "Елорда кубогы-2021" арнайы жобасы өтті. Еліміздің үздік командаларынан бөлек, өзбекстандық "Бұхара" командасы қатысып, бұл сайыстың дәрежесін халықаралық деңгейге көтеріп тастады....

«Шабыт»құрамасы «ELORDA KUBOGY-2021» иегерлері.

Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Елорда кубогы-2021» Жайдарман ойыны 14-қараша күні Бейбітшілік және келісім сарайында өтті. Оған Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен...

«РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАУСЫМАШАР ФЕСТИВАЛІНІҢ» ІРІКТЕУ ОЙЫНДАРЫН 28-30 қыркүйек күндері 7 арнадан тамашалай аласыздар

«Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ ұйымдастыруымен ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі азаматтық бастамаларды қолдау орталығының “Жастар арасында мемлекеттік тілді насихаттау бойынша іс-шараларды өткізу” гранты...