Бөлісу

9 қыркүйек — Елорда әкімінің жүлдесі

9 қыркүйек күні Астанадағы «Конгресс холл» сарайында Жайдарман ойындарынан «Астана қаласы әкімінің кубогы-2016» республикалық арнайы жобасы өтеді.

Астана қаласының әкімінің кубогы жыл сайын дәстүрлі түрде өтіп келе жатқан арнайы жобалардың бірі. Бұл жобада еліміздегі танымал жайдарман топтар өнер көрсетеді.

2009 жылы бастауын алған «Әкім кубогын» өткізудегі басты мақсат — Астананың мәдени өміріне үлес қосып, күннен күнге көркейіп келе жатқан елордамызды ұлықтау болып табылады.

Осымен сегізінші рет өткізілгелі отырған арнайы жобаның биылғы қатысушылары да көрерменнің көзайымына айналған топтар. Сондықтан кубогқа тартыс өте қызықты өтеді деуге негіз бар.

Командалар:

  1. «Грант» Орал
  2. «Боранқұл» Маңғыстау облысы
  3. «Қорғалжын құрамасы» Ақмола облысы
  4. «Жаснар» Алматы
  5. «Достар» Семей
  6. «Үш жүз» Көкшетау
  7. Башқұрттар
  8. Қырғыздар
  9. «Альянс» Семей
  10. «Таң қалмаңыз» Алматы
  11. «Номад құрамасы» Алматы
  12. «Энерго» Астана
  13. «13 аймақ» Шымкент
  14. «ҚЖУ құрамасы» Алматы
  15. «Павлодар жастар құрамасы» Павлодар
  16. «ҚТЖ.kz» Астана
  17. «Қызылорда облысының құрамасы» Қызылорда

Айта кетейік, ойын сағат 19:00-де басталады.

Пікір қалдыру