Бөлісу

«Jaidarman Awards» кешінде үздіктер марапатталды

Жайдарман сайыстарын жыл бойы жоғары деңгейде ұйымдастырып, аймақ көлемінде аталмыш жобаның өрістеуіне үлес қосып қызмет атқарған бөлімшелер мен қызметкерлер марапатталды. «Jaidarman AWARDS» марапаттау кеші бұл жолы да 11 номинация бойынша үздіктерді анықтады, алғыс білдірілді және барлық облыстар бойынша нәтижелі қызмет атқару үшін сәттілік те тіледі. Аталмыш шараны Наурыз бен Ұлан есімді «Байдың балалары» жүргізсе, әншілер әуезді әндерін арнады. Жиынға ардагер жайдарманшылар қатысып, жас топтардың болашақтағы жетістіктері жолында керек келелі кеңестермен және ойларымен бөлісті.

Сонымен, жылдың үздіктерін назарларыңызға ұсынамыз:

«Ең үздік аймақтық жоба » — Өзен мұнайгаз біріншілігі

«Ең үздік аймақтық лига» —  Өскемен ашық лигасы

«Үздік аудандық өкілдік»  —  Ақтөбе облысы Байғанин ауданы 

«Үздік өкілдік» — Екібастұз өкілдігі

«Ең үздік әкімгер»-  Қызылорда облысының  әкімгері Аманбаев Хәкімбек 

«Үздік жетекші» — Батыржан Оразов

«Үздік әріптес» — Түркістан облысы әкімдігі

«Үздік  сәлемдесу» —  «Элемент» жайдарман тобы

«Үздік көрініс» —  «Байдың балалары»

«Маусым жаңалығы»  — «Юсуф Мироғұлының қарындастары»
және маусым бойы жоғары деңгейде қызмет атқарғаны үшін «Үздік филиал» номинациясын  Алматы қаласы еншіледі.  Марапаттау қағаздарын сахна төрінде елімізге танымал тұлғалар табыстады. Барша аталым иегерлерін құттықтаймыз!  


Пікір қалдыру