«Jas kasipker-2019» байқауы қорытындыланды

27 қарашада Нұр-Сұлтан қаласы, Астана гуманитарлық колледжінде » Jas kasipker -2019″ байқауының марапаттауы өтті. » Jas kasipker» байқауы «Жігер.Абырой. Сана» қоғамдық қоры ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен ұсынылған КЕАҚ грантының аясында ұйымдастырылды.

Үздік 7 қатысушы:
1) Жәнібек Жұманәліұлы- Арыс қаласы. 27 жаста . «PrintArys» компьютерлік қызмет көрсету орталығы
2) Сара Сахынбек – Нұр-Сұлтан қаласы, 18 жаста. « Joy Flowers» гүлдер дүкенінің иесі.
3) Жолдыбай Нахов-Нұр-Сұлтан қаласы, 21 жаста. «Jolly Waffle» балмұздақтар желісінің иесі
4) Абылай Бекқажы- Алматы қаласы, 22 жаста. «Pixel Print» компьютерлік қызмет көрсету орталығы
5) Бейбарыс Исахов-Нұр-Сұлтан қаласы, 25 жаста. «Barbershop_family» салонының иесі
6) Әліби Басаров- Қызылорда қаласы, 29 жаста. «Jaidarman Academy» орталығының иесі
7) Арайлым Сапарәлі-Нұр-Сұлтан қаласы, 25 жаста. « Online» интернет – дүкенінің иесі .



Қазылар алқасының шешімімен , 18 жасар жас кәсіпкер Сара Сахынбек жеңімпаз атанып, бас бәйге ДРОН DJI spark alpine white ие болды. 6 үздік қатысушыға смарт сағаттар мен марапаттау қағаздары тапсырылды.

Шара барысында кәсіпкерлер өз жобаларына шағын таныстырылым жасады. Астана гуманитарлық колледжі студенттерінің сұрақтарына жауап беріп ,ой алмасып, идеяларды талқылады.

More from the blog

14 қараша күні жайдарманның «Елорда кубогы-2021» арнайы жобасы өтті.

14 қараша күні жайдарманның "Елорда кубогы-2021" арнайы жобасы өтті. Еліміздің үздік командаларынан бөлек, өзбекстандық "Бұхара" командасы қатысып, бұл сайыстың дәрежесін халықаралық деңгейге көтеріп тастады....

«Шабыт»құрамасы «ELORDA KUBOGY-2021» иегерлері.

Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Елорда кубогы-2021» Жайдарман ойыны 14-қараша күні Бейбітшілік және келісім сарайында өтті. Оған Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен...

«РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАУСЫМАШАР ФЕСТИВАЛІНІҢ» ІРІКТЕУ ОЙЫНДАРЫН 28-30 қыркүйек күндері 7 арнадан тамашалай аласыздар

«Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ ұйымдастыруымен ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі азаматтық бастамаларды қолдау орталығының “Жастар арасында мемлекеттік тілді насихаттау бойынша іс-шараларды өткізу” гранты...