Бөлісу

«Student Life» лигасының жартылай финалы 7 қазанда өтеді

Бүгін жайдарман – креативті ортаны дайындауға және дамытуға арналған дайын платформа. Дәл сондай ортаны қалыптастыру мақсатында қадам басып келе жатқан жастардың орны ерекше. Алматы қаласы жастар саясаты мәселелер жөніндегі басқармасының қолдауымен Қазақстан КВН одағы ұйымдастыратын Алматы колледждерінің жастарына арналған «Student Life» лигасының жартылай финалына да таяп қалдық. 7 қазан күні кешкі бесте әйгілі Нархоз университетінің акт залында баршыңызды күтеміз. Кіру тегін. Ойынды қалалық «Жайдарман» филиалының  директоры Оңдасын Құлымбетов жүргізеді.

Пікір қалдыру