Астана қаласының әкімі кубогі үшін «Жайдарман» ойыны өтті

15 қыркүйек күні «Бейбітшілік және Келісім сарайында» Астана қаласы әкімдігінің Жайдарман ойындары арқылы жастарды қолдауға бағытталған дәстүрлі «Әкім кубогі» республикалық жобасы өтті.
Осымен тұп-тура 10 жыл қатарынан өткізіліп, биыл Астана қаласының 20 жылдығының аясында ұйымдастырылған шараның мақсаты Астана қаласының дәрежесін көтеруге үлесін қоса отырып, мемлекеттік жастар саясатына атсалысу болатын.

Астана қаласы әкімінің кубогі

Сондай-ақ − «Мәңгілік ел» Жалпыұлттық патриоттық идеяның, Жалпыға ортақ еңбек қоғамы идеясы және оның құндылықтарын, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында айтылған міндеттерге өз үлесін қосу және насихаттау болып табылады.
Барлығы 17 команда қатысқан «Әкім кубогы» өз мақсатына жеткендей. Өйткені үшінші жыл қатарынан шараға шетелдік командалар қатысты. Биыл қырғызстандық «Алатоо» командасы сайыстың маңызын арттырды.

АлаТоо

Жайдарманшылардың өнеріне баға берген қазылар алқасының құрамында: «Қазақ радиолары» ЖШС басшысы Мәди Манатбек, қоғам қайраткері Мұрат Әбенов, сатирик Көпен Әмірбек, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Бахтияр Мәкен және Астана қаласы қоғамдық даму істері басқармасының басшысы Данияр Есин болды.

Қазылар алқасы

Ойын нәтижесінде бас жүлде мен 1 000 000 теңге көлеміндегі қаржылай сыйды 2015 жылғы жоғары лига чемпионы «Күлтегін» командасы қанжығасына байлады.

КҮЛтегін

Ал екінші орынды (500 000 теңге) биыл алғаш маусымдарын бастап жатқан Алматы технологиялық университетінің «Юсуф Мероғлының қарындастары» командасы иеленді.

Юсуф Мероғлының қарындастары

Миллионға қанша үміттенсе де, команда атауымен лайық болса да, сәл дайындықтары кем түсіп, шымкенттік «Миллион» қола жүлде мен үш жүз мың теңгеге қанат етті.

Миллион

Қазылар арнайы жобаның үздік ойыншысы ретінде «Зертас» командасындағы әңгімешіл жігіт Нұрлыбек Жаппарды таңдап, бір ауыздан 200 000 теңгені табыстады.

Нұрлыбек Жаппар

Бұл жоба келген көрерменге де, қатысқан топтарға ерекше әсер қалдырды. Жоғары деңгейдегі ұйымдастыру және кәсіби редакторлық жұмыс нәтижесінде жылдың басты ойыны сәтті өткізілді.  Тек өкініштісі —  халыққа сүйікті «Күлтегін» секілді командалардың сахнамен қоштасқаны. Жайдарманның есіктері әрқашан  сүйікті түлектері мен көрермендеріне айқара ашық екенін айтқымыз келеді.

Барлық қатысушылар

More from the blog

14 қараша күні жайдарманның «Елорда кубогы-2021» арнайы жобасы өтті.

14 қараша күні жайдарманның "Елорда кубогы-2021" арнайы жобасы өтті. Еліміздің үздік командаларынан бөлек, өзбекстандық "Бұхара" командасы қатысып, бұл сайыстың дәрежесін халықаралық деңгейге көтеріп тастады....

«Шабыт»құрамасы «ELORDA KUBOGY-2021» иегерлері.

Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Елорда кубогы-2021» Жайдарман ойыны 14-қараша күні Бейбітшілік және келісім сарайында өтті. Оған Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен...

«РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАУСЫМАШАР ФЕСТИВАЛІНІҢ» ІРІКТЕУ ОЙЫНДАРЫН 28-30 қыркүйек күндері 7 арнадан тамашалай аласыздар

«Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ ұйымдастыруымен ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі азаматтық бастамаларды қолдау орталығының “Жастар арасында мемлекеттік тілді насихаттау бойынша іс-шараларды өткізу” гранты...