Есен ЕЛЕУКЕН — Халықтың сүйіктісі !!!

Жағымды жаңалық! «Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ президенті, жастардың жанашыры — Есен ЕЛЕУКЕН ағамыз «Қоғам жұмысындағы еңбегі» үшін «Халықтың сүйіктісі» сыйлығына ие болды!
Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жиырма жыл ішінде Есен ЕЛЕУКЕН ылғи жас дарындардың қасынан табылып, талантты ұл-қыздарын демеп келеді. Жастардың қоғамдық шараларда белсенді болуында бір кісідей еңбегі бар ағасын жайдары жастар да ылғи жылы қабылдайды. Соның айғағы шығар, Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі жастар мен жас буын өкілдері «Ел ағасы- Есағам» деп, «Әкем» деп ерекше құрмет көрсетіп келеді.

7XPsp9puzbk

Есен ағаның толассыз құттықтаулардан кейінгі, әлеуметтік желіде қуанышымен бөлісіп: «Достар, жайдары жанашырлар! Қуанышқа ортақтасып, тіпті өзімнен артық қуанып отырған жайларыңыз бар! Қоғамдық жұмыстармен айналысып, ел арасында жүргеніме жиырма жыл болыпты! Еңбегің жемісін берген шағың — халықтың ықыласына бөлену деп ұқтым! Ақ тілектеріңізге алғысым шексіз! Қолдаушылар мың жасасын!
Ал, шараны ұйымдастырушылар мен Ғалым Байтук мырзаға респект дейміз!»  — деп, ағынан жарылып, өзін сүйікті еткен халқына алғысын жеткізді.

More from the blog

14 қараша күні жайдарманның «Елорда кубогы-2021» арнайы жобасы өтті.

14 қараша күні жайдарманның "Елорда кубогы-2021" арнайы жобасы өтті. Еліміздің үздік командаларынан бөлек, өзбекстандық "Бұхара" командасы қатысып, бұл сайыстың дәрежесін халықаралық деңгейге көтеріп тастады....

«Шабыт»құрамасы «ELORDA KUBOGY-2021» иегерлері.

Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Елорда кубогы-2021» Жайдарман ойыны 14-қараша күні Бейбітшілік және келісім сарайында өтті. Оған Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен...

«РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАУСЫМАШАР ФЕСТИВАЛІНІҢ» ІРІКТЕУ ОЙЫНДАРЫН 28-30 қыркүйек күндері 7 арнадан тамашалай аласыздар

«Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ ұйымдастыруымен ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі азаматтық бастамаларды қолдау орталығының “Жастар арасында мемлекеттік тілді насихаттау бойынша іс-шараларды өткізу” гранты...