Республикалық Жоғары лига. Финал | РЕСМИ ЕСЕП

2015 жылғы 27 қарашада Конгресс Холл ғимаратында республикалық Жоғары лига ойындарының финалдық бәсекесі өтті. Маусым басында бәйгеге қосқан 20 топтың бесеуі ақтық мәреде өнер көрсетті. Олар:

  1. «ЖасНАР» — Алматы қаласы
  2. «Сырдария құрамасы» – «Сырдария» университеті, Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай қаласы
  3. «Күлтегін» — Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана қаласы
  4. «Аягөз құрамасы» – Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы
  5. «Сағыз» —  Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Сағыз селосы

Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған тарих маусымының тарихи сәтінде командалар төрт кезең бойынша сайысқа түсті: 1.Сәлемдесу. «Өткенге —  сабақ, келешекке – өнеге». 2.Бессайыс (мақал-мәтел, жаңылтпаш, әзіл шумақ, әуенді әзіл). 3.Бейнесайыс. 4.Үй тапсырмасы (жұлдызбен). «Тау шайқалса да, тарих шайқалмайды».

«Тарих маусымының» шешуші кезеңін Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай қаласы «Сырдария» университетінің «Сырдария құрамасы» жайдарман тобы ашты. Естеріңізді болса, бұл команда былтырғы жылдың Премьер лига чемпиондары атанған.

ERS_0597

Махаббат отанының өкілердері «Аягөз құрамасы» алғаш рет ақтық мәреде өнер көрсетті.

ERS_0664

Тарих маусымындағы ең тарихи топ «Күлтегін»  Жайдарман тарихында екінші рет финалда  өнер көрсетті.

ERS_0721

Нағыз ауылдың қыз жігіттері, барлықтарыңызға жақсы таныс  «Сағыз» жайдарман тобы алғашқы сайыста төртінші болып өнер көрсетті.

ERS_0838

Оңтүстік астананың намысын қорғап жүрген  «Жаснар» командасы финалдық ойынның «Сәлемдесу» сайысын аяқтады. 

ERS_0925

«Сәлемдесу» сайысының қорытындысы төмендегідей:

  1. «Сырдария» құрамасы — 4,8
  2. «Аягөз құрамасы» — 4,8
  3. «Күлтегін» — 5
  4. «Сағыз» — 4,8
  5. «Жаснар» — 4,4

Келесі кезең – «Бессайыс». Команда капитандары  мақал-мәтел, жаңылтпаш, әзіл шумақ, әуенді әзіл айта отырып, сайысқа түседі. Әрине, қазылар алқасының шешімімен әр сайыстан соң бір команнда ойыннан шығады.

ERS_0970

 «Бессайыс» сайысының қорытындысы:

  1. «Сағыз» — 0,6
  2. «Жаснар» — 0,7
  3.  «Күлтегін» — 0,8
  4.  «Аягөз құрамасы» — 0,9
  5.  «Сырдария» құрамасы – 1

«Бейнесайыс». Бұл кезеңде командалар 2 екі минуттық бейнеролик дайындауы тиіс. Басты мақсат – бейне арқылы көрерменді күлдіре білу.

«Бейнесайыс» кезеңінің қорытындысы:

  1. «Сырдария» құрамасы – 3,6
  2. «Аягөз құрамасы» — 3,6
  3. «Күлтегін» — 3,8
  4. «Сағыз» — 3,2
  5. «Жаснар» — 3,6

«Үй тапсырмасы». Тақырыбы — «Тау шайқалса да, тарих шайқалмайды». Кезең барысында командалар елімізге танымал жұлдызбен өнер көрсетті.

«Сырдария құрамасы» «Жігіттер» квартетінің мүшесі, әнші Бағлан Әбдраймовпен бірге өнер көрсетті.

ERS_1296

«Аягөз құрамасы» айтыскер ақын Ринат Зайтовпен қосылып, үй тапсырмасын орындады.

ERS_1203

«Сағыз» жайдарман тобы Айгүл Иманбаевамен қосылып, кезінде барлығымыз сүйіп тамашалаған әйгілі «Ұят болмасын» бағдарламасын еске түсірді.

ERS_1156

«Күлтегін» жайдарман тобы кино және театр актері Әділ Ахметовпен бірге тамаша көрініс қойды.

ERS_1346

«Жаснар» жайдарман тобы кино актрисасы Жәния Журинскаяның көмегімен халыққа керемет көңіл-күй сыйлады.

ERS_1060

«Үй тапсырмасы» сайысының қорытындысы:

  1. «Сырдария» құрамасы – 5,2
  2. «Аягөз құрамасы» — 6
  3. «Күлтегін» — 5,8
  4. «Сағыз» — 5,6
  5. «Жаснар» — 5

Республикалық Жоғары лиганың финалдық сайысысының қорытындысы:

«Үздік ойыншы» — Марат Сәрсенбев, «Сырдария құрамасы»

ERS_1528

«Жаснар» (13,7)  — финалист

ERS_1538

«Сағыз» (14,2) – финалист

ERS_1542

«Сырдария құрамасы» (14,6) – ІІІ орын

ERS_1557

«Аягөз құрамасы» (14,9) —  Вице-чемпион
ERS_1566

«Күлтегін»(15,4) – Чемпион – 2015

ERS_1588

Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!

Сөз соңында, Жайдарманның жайдары жанкүйерлеріне алғысымызды білдіреміз! Келесі маусымда кездескенше достар!

More from the blog

14 қараша күні жайдарманның «Елорда кубогы-2021» арнайы жобасы өтті.

14 қараша күні жайдарманның "Елорда кубогы-2021" арнайы жобасы өтті. Еліміздің үздік командаларынан бөлек, өзбекстандық "Бұхара" командасы қатысып, бұл сайыстың дәрежесін халықаралық деңгейге көтеріп тастады....

«Шабыт»құрамасы «ELORDA KUBOGY-2021» иегерлері.

Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Елорда кубогы-2021» Жайдарман ойыны 14-қараша күні Бейбітшілік және келісім сарайында өтті. Оған Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен...

«РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАУСЫМАШАР ФЕСТИВАЛІНІҢ» ІРІКТЕУ ОЙЫНДАРЫН 28-30 қыркүйек күндері 7 арнадан тамашалай аласыздар

«Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ ұйымдастыруымен ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі азаматтық бастамаларды қолдау орталығының “Жастар арасында мемлекеттік тілді насихаттау бойынша іс-шараларды өткізу” гранты...