«Туған күн — 2015» республикалық арнайы жобасы | РЕСМИ ЕСЕП

18 маусымда Астана қаласы, Конгресс Холл сарайында «Қазақстан КВН Одағының» 10 жылдық мерейтойына орай «Туған күн – 2015» республикалық арнайы жобасы өтті. Мұндай жобаны ұйымдастыру жыл сайын дәстүрге айналған. Биылғы жоба да өз деңгейінде өтті. Ойынның басты ерекшелігі — соңғы төртжылдықтың чемпиондары мен Жоғары лигада өнер көрсетіп жүрген командалар бірігіп сайысқа түсті. 2014 жылғы Жоғары лига чемпиондары — «Ұлттық құрама» мен «Жаснар» жайдарман тобы, 2013 жылғы чемпион — «Назар аудар» және Атырау облысы, Сағыз селосының командасы «Сағыз», 2012 жылғы чемпион – «Экспресс» пен Еуразия ұлттық университетінің командасы «Күлтегін», 2011 жылғы чемпион – «АралАс» пен Қызылордалық «Қармақшы құрамасы» бірігіп өнер көрсетті.

_S1A7298

Белгілі сатирик Көпен Әмірбек, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Жастар саясаты департаментінің директоры Роза Кәрібжанова, «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Нұрлан Сыдықов, «Лондон» олимпиадасының күміс жүлдегері  Әділбек Ниязымбетов, «Базар жоқ» театрының директоры Тұрсынбек Қабатов чемпиондар мен чемпиондыққа үміткер жайдарманшыларға қазылық етті.

_S1A7417

Ойын қорытындысы бойынша, «Назар аудар» және «Сағыз» командалары жүлделі І орынға ие болды. «АралАС» және «Қармақшы құрамасы» ІІ орын,  «Ұлттық құрама» мен «Жаснар» және «Экспресс» пен «Күлтегін» командалары III орынға ие болды.

_S1A7922

«Қазақстан КВН Одағы» және барлық жайдарманшылар атынан «Туған күн – 2015» арнайы жобасының жеңімпаздарын шын жүректен құттықтаймыз!!!

More from the blog

14 қараша күні жайдарманның «Елорда кубогы-2021» арнайы жобасы өтті.

14 қараша күні жайдарманның "Елорда кубогы-2021" арнайы жобасы өтті. Еліміздің үздік командаларынан бөлек, өзбекстандық "Бұхара" командасы қатысып, бұл сайыстың дәрежесін халықаралық деңгейге көтеріп тастады....

«Шабыт»құрамасы «ELORDA KUBOGY-2021» иегерлері.

Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Елорда кубогы-2021» Жайдарман ойыны 14-қараша күні Бейбітшілік және келісім сарайында өтті. Оған Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен...

«РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАУСЫМАШАР ФЕСТИВАЛІНІҢ» ІРІКТЕУ ОЙЫНДАРЫН 28-30 қыркүйек күндері 7 арнадан тамашалай аласыздар

«Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ ұйымдастыруымен ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі азаматтық бастамаларды қолдау орталығының “Жастар арасында мемлекеттік тілді насихаттау бойынша іс-шараларды өткізу” гранты...