«Шабыт»құрамасы «ELORDA KUBOGY-2021» иегерлері.

Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Елорда кубогы-2021» Жайдарман ойыны 14-қараша күні Бейбітшілік және келісім сарайында өтті. Оған Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен облыстар бойынша ТжКБ және ЖОО-ның студенттері, кәсіпорындар мен ірі компаниялардың жас мамандарынан құралған 13 команда және Өзбекстан мемлекетінен келген Бұхара құрамасы өнер көрсетті. Басқа қалалардан келген қатысушы командалар қонақүйге орналастырылып, 3 мезгіл тамақпен қамтамасыз етілді. Сайыстың бағдарламасы, сценарийі, баспасөз релизі, қазылар құрамы, қатысушылар құрамы, қатысушыларға арналған қонақүй, сахна декорациясы және полиграфиялық эскиздері алдын ала Тапсырыс берушімен келісілді. Декорация жасақталып, сахна безендірілді.

Ойынға елге танымал тұлғалар қазылық жасады, Қазылар құрамында:

 КӨПЕН ӘМІРБЕК – сатирик

ЕЛНҰР БЕЙСЕНБАЕВ – Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты

АЗАМАТ АТАГЕЛДІ – Жетінші арнаның бас продюсері

БАҚТИЯР АРТАЕВ – Олимпиада чемпионы, боксшы

МАРАТ ДОСТАЕВ – Актер, танымал жайдарманшы

Қатысушы 14 команда «Сәлемдесу» сайысы бойынша сайысты. Нәтижесінде, І орын, Елорда кубогын –Шабыт құрамасы Нұр-Сұлтан қаласы, ІІ орын –Ақпен бірге командасы, ІІІ орын – Қыздар емес, «Үздік ойыншы» номинациясы Арнайы Әділет үшін командасының ойыншысы Ермахан Шыңғысханға табысталды. Барлық қатысушы командаларға қатысқаны үшін дипломдар табысталды.

Іс -шараға афишалар, қатысушылар мен жеңімпаздарды марапаттау үшін дипломдар, сыйақы сертификаттары дайындалдып, І орын иеленген командаға кубок табыс етілді.

Ойынға теле түсірілім жүргізіліп, Республикалық ЖЕТІНШІ  арнадан көрсетіледі.

Мақсатқа толықтай қол жеткізілді, себебі сайысты іске асыру барысындағы барлық міндеттер өте сәтті ұйымдастырылды және өткізілді.

Сайыс аясында қолданылаған әрекеттер толықтай оң нәтиже көрсетіп, мақсатқа қол жеткізуге кепіл болды. Шара өскелең ұрпақтың рухани адамгершілік мүмкіндігін қазақ халқының тарихы, мәдениеті,тілінің негізінде қалыптасуына, балалар мен жасөпірімдердің азаматтық белсенділігі мен саналылығының артуына, өзін өзі тану жұмыстарының ынталандырылуына айтарлықтай үлес қосты. Жастар мен жасөпірімдердің зияткерлік, шығармашылық және әлеуметтік дамуы үшін қолайлы жағдай жасалды.

Жоспарланған нәтижелер толықтай қол жеткізген нәтижелермен сәйкес келеді.  Жобаны жүзеге асыру барысында және жоба жүзеге асырылғаннан кейін жастар мен өскелең жас ұрпақтың бойында мемлекеттік тілді, мәдениетті, тарихты білу негізінде рухани адамгершілік әлеует қалыптастырылды, олардың танымдық жұмыстары ынталандырылды, жауапкершілік пен еңбексүйгіштікті қалыптастыруға, көшбасшылық және ұйымдастырушылық қабілеттерін дамытуға бағытталған жеке тұлғалық қасиеттердің дамуына жағдай жасалды, күтілген нәтижеге қол жеткізілді.

More from the blog

14 қараша күні жайдарманның «Елорда кубогы-2021» арнайы жобасы өтті.

14 қараша күні жайдарманның "Елорда кубогы-2021" арнайы жобасы өтті. Еліміздің үздік командаларынан бөлек, өзбекстандық "Бұхара" командасы қатысып, бұл сайыстың дәрежесін халықаралық деңгейге көтеріп тастады....

«РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАУСЫМАШАР ФЕСТИВАЛІНІҢ» ІРІКТЕУ ОЙЫНДАРЫН 28-30 қыркүйек күндері 7 арнадан тамашалай аласыздар

«Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ ұйымдастыруымен ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі азаматтық бастамаларды қолдау орталығының “Жастар арасында мемлекеттік тілді насихаттау бойынша іс-шараларды өткізу” гранты...

«JAIDARMAN LIVE-2021» жеңімпазы Түркістаннан келген «Төле би» құрамасы

Жалынды жастардың  басын қосқан   «Жайдарман» әзілқойлар мен  тапқырлар  сайысы  көпшіліктің  сүйіп  көретін  және  сүйіп  ойнайтын  әзіл алаңы. Жайдарман  қозғалысы  қазіргі  кезде еліміздегі  әр  мектепте,...