Атырау Ашық және мектеп лигасының финалдық жайдарман ойындары

Атырау облысы жастар саясаты мәселелері басқармасы және «Қазақстан КВН Одағы»  РЖҚБ қолдауымен «Жас қоғам» жастар бастамаларын дамыту қорының ұйымдастыруымен 28-29 қараша күндері Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында Атырау облыстық Ашық және Мектеп лигаларының финалдық ойындары өтті. Ашық лига бойынша ойын тақырыбы: «Әдебиет халықтың рухани байлығы» , мектеп лигасы бойынша ойын тақырыбы: «Әдебиет бір әлем болды». Ашық лига Әуенді сәлемдесу, Әзіл бәйге мен сұрақ-жауап және Жұлдызды жайдарман ойыншысымен Көрініс, Мектеп лигасы Сәлемдесу, Әзіл бәйге және Көрініс бөлімдерінен тұрды.  28 қараша күнгі Ашық лига сайыстарына Атырау облысы әкімінің орынбасары Шыңғыс Жұмабекұлы Мұқан қатысты. Ойынға төмендегідей командалар қатысты:

28 қараша

Аймағы/оқу орны Команда Жалпы ұпай
1 Атырау облысы, Құрманғазы ауданы Құрманғазы жастары 61
2 Атырау медицина колледжі Абзал жандар 73
3 Атырау облысы, Индер ауданы Индер құрамасы 62
4 Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі Ғажайып 69
5 Кіші өнер Академиясы Өнерпаз 61
6 Атырау аграрлы-техникалық колледжі Аграрка тарландары 52

29 қараша

Аймағы/оқу орны Команда Жалпы ұпай
1 Индер ауданы, Елтай ауылы Кеш жарық 37
2 Ә.Жангелдин атындағы орта мектеп Әліби жастары 44
3 Еркінқала орта мектебі Еркінқала жастары 31
4 №36 орта мектеп 36 49
5 Индер ауданы, Махамбет атындағы орта мектеп Жарсуат 41
6 № 27 орта мектеп Тема 46

Әділ-қазы алқасы:

  1. Республикалық Жоғары лиганың 2009 жылғы жеңімпазы «Құлсары құрамасы» командасының ойыншысы- Дәурен Сейітқалиев
  2. Атырау облысы «Жайдарман» ойындарының бас ұйымдастырушы және жетекшісі –Асхат Қалауов
  3. 28 қаршада Жигули командасының капитаны,ардагер КВН ойыншысы — Санжар Шакманов/ 29 қарашада «Боранқұл» жайдарман тобының капитаны- Нұрбол Сағидуллин
  4. Бүгінгі ойын редакторы, республикалық Жоғары лиганың 2013 жылғы жеңімпазы «Назар аудар» командасының капитаны — Азамат Әленов
  5. Атырау облыстық Жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысының орынбасары — Арман Азаматов

 Атырау облыстық Ашық лигасы бойынша  финалдық сайыстарының қорытындысы:                                                                                              Жеңімпаз- Абзал жандар;

2 орын- Ғажайып;

3 орын – Индер құрамасы;

Финалисттер- Құрманғазы жастары, Өнерпаз, Аграрка тарландары.

Үздік ойыншы: Бекзат Тулепов «Өнерпаз»

 

Атырау облыстық Мектеп лигасы бойынша  финалдық сайыстарының қорытындысы:                                                                                       Жеңімпаз-36;

2 орын — Тема;

3 орын — Әліби жастары;

Финалисттер — Еркінқала жастары, Кеш жарық , Жарсуат.

Үздік ойыншы: Нұрлан Сағынов «Жарсуат»

 

More from the blog

14 қараша күні жайдарманның «Елорда кубогы-2021» арнайы жобасы өтті.

14 қараша күні жайдарманның "Елорда кубогы-2021" арнайы жобасы өтті. Еліміздің үздік командаларынан бөлек, өзбекстандық "Бұхара" командасы қатысып, бұл сайыстың дәрежесін халықаралық деңгейге көтеріп тастады....

«Шабыт»құрамасы «ELORDA KUBOGY-2021» иегерлері.

Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Елорда кубогы-2021» Жайдарман ойыны 14-қараша күні Бейбітшілік және келісім сарайында өтті. Оған Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен...

«РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАУСЫМАШАР ФЕСТИВАЛІНІҢ» ІРІКТЕУ ОЙЫНДАРЫН 28-30 қыркүйек күндері 7 арнадан тамашалай аласыздар

«Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ ұйымдастыруымен ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі азаматтық бастамаларды қолдау орталығының “Жастар арасында мемлекеттік тілді насихаттау бойынша іс-шараларды өткізу” гранты...