«Қазақстан КВН Одағы» РЖҚБ Президенті
Елеукен Есентүгел Баймұханбетұлы — 1973 жылы 5 желтоқсан күні Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Шетырғыз ауылында дүниеге келген.
«Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ президенті, Республикалық «Жайдарман» әзілкештер мен тапқырлар сайысының жүргізушісі.
Еңбек жолы:
- Еңбек жолын 1990 жылы Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Шетырғыз совхозында бастаған.
- 1991 жылы Оңтүстік Қазақстан техникалық университетіне оқуға түсіп, 1996 жылы «Технологиялық процестер мен өндірісті автоматтандыру» мамандығы бойынша бітірген.
- Әскери міндетті (запастағы офицер).
- 1996-99 жылдары Халықаралық Қазақ-Түрік университеті Жаратылыстану және гуманитарлық институтының «Биоэкология» кафедрасында тағылымдамадан өтуші – зерттеуші.
- 1998-2002 жылдары «Юмакс» радиосында қарапайым қызметші болып жұмыс бастап, қазақ редакциясының бас редакторы лауазымына дейін көтерілген.
- 2002-2005 жылдары «Қазақ КТК (КВН) лигасы» РЖҚБ-ның вице-президенті.
- 2005 жылдан бастап – «Қазақстан КВН Одағы» Республикалық жастар қоғамдық бірлестігінің Президенті.
Әлеуметтік желілердегі парақшасы:
- Туйттердегі аккаунты;
- Фейсбуктағы жеке парақшасы;
- Vk.com әлеуметтік желісіндегі аккаунты;
- Instagram әлеуметтік желісіндегі аккаунты;