Бөлісу

«Астана қаласы әкімінің кубогы – 2015» республикалық арнайы жобаса | РЕСМИ ЕСЕП

10 қыркүйек күні  Астана қаласы «Конгресс-Холл» сарайында «Қазақстан КВН Одағы» республикалық жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен, Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Астана қаласы әкімінің кубогы – 2015» республикалық арнайы жобасы өтті.

ersayinergenbay-787

Дәл осы күні елімізідің әр аймағынан жиналған 15 команда, яғни 150-ге жуық жайдарманшы Елорда әкімінің кубогын сарапқа салды:

  1. «Алмалы» — Шет тілдер және іскерлік карьера университеті, Алматы
  2. «Үш жүз» — Ақмола облысы, Көкшетау қаласы
  3. «ҚазИИТУ» — Қазақстан инновациялар және телекоммуникациялар, жүйелер университеті, Орал қаласы
  4. «Грант» — Батыс Қазақстан «Еуразия» тілдер және менеджмент институты, Орал қаласы
  5. «Алаш ұлдары» — Семей қаласы электротехникалық колледжі, Семей
  6. «Барыстар» — Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы
  7. «Чехов аялдамасы» — Бейсен Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжі, Павлодар облысы
  1. «АТУ құрамасы» — Алматы технологиялық университеті
  2. «Таң қалмаңыз» — Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы
  3. «Аграрка сарбаздары» — С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
  4. «Фемида» — Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті
  5. «Құлсары құрамасы» — Атырау облысы, Құлсары ауданы
  6. 13. «Болашақ жастары» — Болашақ колледжі, Тараз қаласы
  7. «Тұран Астана» — Тұран Астана университеті
  8. «Шымкент жастар құрамасы» — Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтика академиясы, Шымкент қаласы

 2009 жылдан бастау алған жоба жастар мен жасөспірімдердің өсіп-өркендеуіне қолайлы жағдай жасап қана қоймай, қазақ тілінің дамуы мен кеңейе түсуіне де септігін тигізуде. Ойынға жастар ісі мәселесіне белсене араласып жүрген азаматтар, танымал журналист-блогерлер және Астана қаласының жоғары және арнаулы оқу орындарының студенттері шақырылды.

Сайыс нәтижесі бойынша анықталған үздік командаларға сыйақылар табысталады:

І орын – «ҚазИИТУ құрамасы», Орал (500 000 теңге);

ІІ орын – «Чехов аялдамасы», Павлодар (300 000 теңге);

ІІІ орын – «Таң қалмаңыз», Алматы(200 000 теңге);

«Үздік ойыншы» номинациясы – Есет Мырзағазиев «Фемида» (100 000 теңге).

ersayinergenbay-1022

Жастардың қоғамдық игі бастамаларын қолдап, жас таланттарды ынталандыруға бағытталған жоба болашақта өз жалғасын табады деген үміттеміз.

Пікір қалдыру