Бөлісу

Атырау облыстық «Премьер лига-2017» финалдық ойыны

Атырау облысы жастар саясаты мәселелері басқармасы және «Ақсұңқар » қоғамдық қорының ұйымдастыруымен 15-қараша 2017 жылы Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында Атырау облыстық «Премьер лига-2017» финалдық ойыны өтті. Ойынды «Қазақстан КВН Одағы» РЖҚБ Атырау облыстық филиалының директоры Ернар Сакупов жүргізді.Ойын 3 сайыстан тұрды.
1. Сәлемдесу
2. Бес сайыс
3, Жұлдызбен үй тапсырмасы
Ақтық мәреде 5 құрама сайысты. Олар:

1. «Шонаев жастары» ( Атырау облысы, Махамбет ауданы )
2. «Танылмаған Таланттар» ( Атырау облысы, Махамбет ауданы )
3. «Мұқашев құрамасы » ( Атырау қаласы, С.Мұқашев атындағы политехникалық колледж )
4. «Сағыз Дубль » (Атырау облысы, Қызылқоға ауданы)
5. «Қызылқоға жастары» (Атырау облысы, Қызылқоға ауданы)

Командалар қазіргі қоғамдағы мәселелерді, ащы шындықтарды астарлы әзілге айналдырып, көрермендерді әдемі көңіл-күйге бөледі.

Ойынға төрелік еткен қазылар құрамы:
Құспан Роллан — Атырау облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы
Гилажев Ринат — «Жас Отан» Жастар қанаты Атырау облыстық филиалының төрағасы
Семғалиев Әлібек — «Сазанқұрақ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры,Атырау облыстық Кикбоксинг федерациясының президенті
Кабдулов Қуаныш — Атырау футбол клубының бас бапкері
Сапаров Жасұлан- «Сағыз» құрамасының капитаны, Атырау облыстық жайдарман филиалының редакторы

Ойын қорытындысы бойынша:

«Үздік ойыншы» номинациясына «Қызылқоға жастары» құрамасының мүшесі Бекарыс Мирлан ие болды.
Финалист атағына ие болған:
«Сағыз Дубль » (Атырау облысы, Қызылқоға ауданы) — 12 ұпай
«Мұқашев құрамасы » ( Атырау қаласы, С.Мұқашев атындағы политехникалық колледж ) -12,4 ұпай

Жүлделі орындар:
3-орын «Танылмаған Таланттар» ( Атырау облысы, Махамбет ауданы ) 13,2 ұпай
2-орын «Шонаев жастары» ( Атырау облысы, Махамбет ауданы ) — 13,4 ұпай
1-орын және «Атырау облысы Премьер лига-2017 кубогі»,
«Қызылқоға жастары» (Атырау облысы, Қызылқоға ауданы) 14,2 ұпай

Жайдарлы Жайдарманның келесі маусымында кездескенше

 

Пікір қалдыру