Ақтөбе қаласы әкімінің кубогын «Грант» иеленді

         2016 жылы 28 мамыр күні сағат 17.00-де «Жастар сарайында» «Ақтөбе жастары» КММ  мемлекеттік-әлеуметтік тапсырысы аясында және «Ақтөбе қалалық ішкі саясат бөлімі» ММ қолдауымен, Ақтөбе қаласы әкімінің қатысуымен «Қазақстан КВН Одағы» РЖҚБ «Ақтөбе КВН» филиалының ұйымдастыруымен, Республикалық жоғары және бірінші лиганың танымал жайдарман топтары арасында «Ақтөбе қаласы әкімінің кубогы» Республикалық арнайы жобасын ұйымдастырды. Ойынды «Қазақстан КВН Одағы» РЖҚБ Президенті Есен Елеукен жүргізді,  арнайы жоба «Сәлемдесу» сайысынан  тұрды. 

Ойынға барлығы 11 команда қатысты:

  1. Фемида — Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті, Ақтөбе қаласы
  2. Феномен — С. Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті, Ақтөбе қаласы
  3. Жем-Сағыз құрамасы — Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы
  4. Грант — Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті, Орал қаласы
  5. Байдың балалары— М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Шымкент қаласы
  6. Тек қана қыздар — Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, Алматы қаласы
  7. Боранқұл Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Боранқұл селосы
  8. АИГИ құрамасы — Атырау инженерлік гуманитарлық институты, Атырау қаласы.
  9. Намыс — Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы.
  10. «Қармақшы құрамасы» Қызылорда облысы, Қармақшы селосы

Қазылар алқасы 6 адамнан тұрды:

  1. Қала әкімінің орынбасары — Қабыл Мадьяр
  2. Ақтөбе облыстық Мәдениет басқармасының басшысы – Қанат Айтбаев
  3. Актер, Т. Ахтанов атындағы драма театрының директоры– Нұрлыбек Жұбатқан
  4. Айтыскер, ақын – Аян Сеитов
  5. «Жастар сарайының» директоры, ақын, журналист – Орал-Қосай Байсеңгір
  6. «Қазақстан КВН Одағы» РЖҚБ бас редакторы — Рүстем Елжанов

Ойын қорытындысы бойынша, жүлделі орындаға ие болды:

І – орын Грант — Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті, Орал қаласы

ІІ – орын Боранқұл — Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Боранқұл селосы

ІІІ – орын «Қармақшы құрамасы» Қызылорда облысы, Қармақшы селосы.

Барлық қатысқан командаларға алғыс хат берілді. Жүлделі орынға ие болған командалар дипломмен, ақшалы сертификатпен марапатталды. Чемпион атанған командаға дәл солай диплом, сертификат және кубокпен марапатталды.

More from the blog

14 қараша күні жайдарманның «Елорда кубогы-2021» арнайы жобасы өтті.

14 қараша күні жайдарманның "Елорда кубогы-2021" арнайы жобасы өтті. Еліміздің үздік командаларынан бөлек, өзбекстандық "Бұхара" командасы қатысып, бұл сайыстың дәрежесін халықаралық деңгейге көтеріп тастады....

«Шабыт»құрамасы «ELORDA KUBOGY-2021» иегерлері.

Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Елорда кубогы-2021» Жайдарман ойыны 14-қараша күні Бейбітшілік және келісім сарайында өтті. Оған Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен...

«РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАУСЫМАШАР ФЕСТИВАЛІНІҢ» ІРІКТЕУ ОЙЫНДАРЫН 28-30 қыркүйек күндері 7 арнадан тамашалай аласыздар

«Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ ұйымдастыруымен ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі азаматтық бастамаларды қолдау орталығының “Жастар арасында мемлекеттік тілді насихаттау бойынша іс-шараларды өткізу” гранты...