Бөлісу

«Батыс» орталық лигасының ширек финалы

24 маусым күні Атырау облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында «Қазақстан КВН Одағы» РЖҚБ Атырау облыстық филиалы жəне «Ақсұңқар» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен республикалық «Батыс» орталық лигасының ¼ ширек финалдық сайысы өтті. Ойын «видео+сәлемдесу» және «бессайыстан» тұрды. 10 құрама сынға түскен ойын тартысты  өтті.

Жалпы ойын барысында командалар «А» және «Б» топтарына бөлінді. «А» тобы бойынша ойын көрсеткен «Оян» және «Эверест» топтары өздерінің ерекше әзілдерімен көрерменге риясыз күлкі сыйлады. «Б» тобы бойынша ақтөбелік «Алтықарасу» және «Құлсары жастар құрамалары» өз ойындарымен дараланды.

Тікелей жартылай финалға жолдама алған топтар:

«ОЯН» — Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы

«Эверест» — Атырау қаласы

«Алтықарасу жастар құрамасы» — Ақтөбе облысы, Темір ауданы

«Құлсары жастар құрамасы» — Атырау облысы, Жылыой ауданы

«Осал емес» — Ақтөбе қаласы, №24 лингвистикалық мектеп-гимназия

«Миялы» — Атырау облысы, Қызылқоға ауданы

«Намыс» — Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Бөрлі ауылшаруашылық колледжі

«Каспий» — Ақтау қаласы

Ақтөбе қалалық №35 мектептің «35 ойшылдары» командасына қазылар алқасы шешімімен келесі кезеңге жолдама алcа, Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданының «Біздің уақыт» тобы резервте тұр.

Қазылар құрамы:

Мақашева Мира – «Жигули» КВН командасың мүшесі, ардагер жайдарманшы

Шақманов Санжар – «Жигули» КВН командасың капитаны, ардагер жайдарманшы

Жардемов Диас — Атырау облысы жастар саясаты мәселелері басқармасы, жастар және әлеуметтік бастамаларды қолдау бөлімінің бас маманы

Сапаров Жасұлан – «Сағыз» құрамасының капитаны

Айтбаев Али-Самед – «Құлсары» КВН командасының капитаны, ардагер жайдарманшы

Ұпайлар бойынша ойын қортындысы:

ОЯН 11 ұпай

Эверест 9.8 ұпай

Алтықарасу жастар құрамасы 9 ұпай

Құлсары жастар құрамасы 9 ұпай

Осал емес 8.8 ұпай

Миялы 8.6 ұпай

Намыс 8.4 ұпай

Каспий 8.2 ұпай

35 ойшылдары 7.8 ұпай

Біздің уақыт 7.4 ұпай

 

 

Пікір қалдыру