Бөлісу

«Батыс» республикалық лигасының 1/8 финалы

15 наурыз күні өткен «Батыс» республикалық лигасының 1/8 финалдық сайыстарының қорытындысы.


Келесі кезеңге өткен командалар:
«Әбіш серілері» Маңғыстау облысы — 6 ұпай;
«Бәйішев жастары» Ақтөбе облысы — 6,6 ұпай;
«Эксклюзив» Ақтөбе қаласы — 8 ұпай;
«Азия internarional» Шымкент қаласы — 8,2 ұпай;
«Космос» Орал қаласы — 8,2 ұпай;
«Сіздер үшін» Орал қаласы — 8,4 ұпай.

Өкінішке қарай «Маданият» (Ақтөбе қаласы — 4,6 ұпай) және «Әл қызани» (Маңғыстау облысы — 5,4 ұпай) жайдарман топтарымен қоштасуға тура келді.

Қазылар алқасының құрамасы:
1) «Назар аудар» Жайдарман тобының мүшесі — Самат Қабдиев;
2) «Қазақстан ұлттық арнасы» Батыс Қазақстан облысы филиалының редакторы — Тұрар Ғабдрашитұлы
3) Республикалық «Батыс» республикалық лигасының редакторы — Азамат Аленов;
4) Батыс Қазақстан облысы жастар қауымдастығының төрағасы — Ермек Самұратұлы;
5) Қазылар алқасының төрағасы, Батыс Қазақстан облысының жастармен жұмыс жөніндегі ресусрстық орталығының басшысы — Кенесары Нуршинов.

Ойынды «Назар аудар» командасының ойыншысы Ғазиз Ерболат жүргізді:

Пікір қалдыру