-
«Нұр Отан» кубогын «Шапалақ» жайдарман тобы еншіледі - 15.02.2019
-
Түлектер кездесті - 14.02.2019
-
Жастар маусымының гала- концерті - 14.02.2019
-
«Jaidarman Awards» кешінде үздіктер марапатталды - 09.02.2019
-
235 топ — жастар маусымының жаңалығы! - 08.02.2019
-
ХІV «Маусымашар» республикалық фестиваліне қатысқан командалар - 07.02.2019
-
7 ақпан. Редактура ретілігі - 06.02.2019
-
Евразиат — чемпиондардың чемпионы - 06.02.2019
-
Мектеп оқушылары арасындағы үздік жайдарман топтары анықталды - 06.02.2019
-
6 ақпан. Редактура реттілігі - 06.02.2019
Батыс Қазақстан облысы «Қаратөбе жастар кубогі» Жайдарман фестивалі өтті
21 сәуірде Республикалық «КВН» Одағының БҚО «Ақжайық» лигасының «Қаратөбе жастар кубогі» Жайдарман фестивалі өтті. Батыс Қазақстан облысының жайдарманшылары жаңа «Жарасым» маусымына күш-жігерлері мен әзіл-қалжыңдары жарасып, жаңа белестерді бағындыруға келгендері алғашқы ойыннан-ақ көрініп тұрды.
Барлығы 12 команда өнер көрсетіп, 9 құрама тікелей 1/4 ширек финалына жолдама алды. Сайысты белгілі жайдарманшы Ақеділ Ізімғалиев тізгіндеді. Әділ төрелік еткен қазылар Орынбек Меңдіқұл, Асланбек Жұбанғалиев, Ренат Шабдаров, Дәурен Шамұратовтар болды. Келесі кезеңге жолдама алған командаларға сәттілік тілеп, ал өте алмай қалған жайдарман топтарына марапаттау қағаздары табыс етілді.
1/4 ширек финалға өткен командалар:
1) Талант
2) Сəттілік
3) Қоскөл арулары
4) Күлкі Фабрикасы
5) Көңілді қыздар
6) 22 Маршрут
7) 07 Аймақ
8) Супер Теңтектер
9) Мадагаскар
Әр команданың дайындығы өте жоғары деңгейде болып, өнерлері көрермен көңілінен шықты. Ойын өз көрерменіне жайдары көңіл-күй сыйлап, керемет әсер қалдырды.