Бөлісу

«Жайдарлы Жас ұлан» республикалық зияткерлік сайысы | РЕСМИ ЕСЕП

2015 жылғы 24 қазан күні мектеп жасындағы балалар арасында «Жайдарлы Жас ұлан» республикалық зияткерлік сайысы өтті. Сайысқа республика бойынша 13 команда қатысып, «Сәлемдесу» сайысы бойынша додаға түсті.

ASP_217700000

Жүздері жайнаған жас ұландардың сайысына республикалық Премьер лига ойындарының  тұрақты қазысы — Нұрмахан Мұқанұлы, «Балапан» телеарнасының директоры — Ләйлә Сұлтанқызы, Республикалық «Жас Ұлан» балалар және жасөспірімдер ұйымының төрайымы — Динара Садвакасова, Білім және ғылым министрлігі Жастар саясаты департаментінің директорының орынбасары — Ернат Мұхамадиев және «Түнгі студия» бағдарламасының жүргізушісі — Дәулет Бижанов қазылық етті.

ASP_2204000000

         «Жайдарлы Жас ұлан» зияткерлік сайысына қатысқан командалар:

ASP_2229000000

  1. «52 мектеп құрамасы» —  52 орта мектеп,  Астана қаласы.
  2. «Томпақтар» — 53 орта мектебі, Қарағанды қаласы.
  3. «3 мектеп құрамасы» — 3 орта мектеп, Астана қаласы.
  4. «Cары бүркіт» — Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы.
  5. «Жас медиа» — Астана қаласы, Оқушылар сарайы
  6. «Жас буын» — Атырау қаласы.
  7. «Сүйінші» —  62 орта мектеп, Астана қаласы.
  8. «73 лицей» — 73 мектеп гимназиясы,  Астана қаласы
  9. «Бауырсақтар» —  №14 бөбекжай бақшасы, Қостанай қаласы
  10. «Отырар» — 8 орта мектеп, Астана қаласы.
  11. «Өнерлі көшпенділер» —  Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданы, Өрнек ауылы
  12. «Осал емес» — №24 лингвистикалық мектеп гимназиясы, Ақтөбе қаласы
  13. «Қамажай» — Өскемен қаласы

Ойын барысында Ақмола облысы, Степногорск қаласынан келген «Сейфуллин жастары» және Астана қаласы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Күлтегін» жайдарман тобы қонақ ретінде өнер көрсетті.

ASP_1585000000

Қазылар алқасының шешімімен келесі командалар жүлделі орындарға ие болып, ақшалай сыйлықтармен марапатталды:

  • І орын – «Көңілді көшпенділер» жайдарман тобы (200 000 теңге)

ASP_23050000

  • ІІ орын – «Осал емес» жайдарман тобы (150 000 теңге)

ASP_2310000000

  • ІІІ орын – «Қамажай» жайдарман тобы (100 000 теңге)

ASP_23140000

«Жайдарлы Жас ұлан» зияткерлік сайысының жеңімпаздарын құттықтаймыз!

 

Жазбадағы пікірлер

  1. Серикболсын

    Илясь баурым дурыс айтад Онерли Кошпендилер улкен командыларман ойнау керек

    Жауап беру

Пікір қалдыру