Бөлісу

«Жастар жазғы фестивалі» республикалық арнайы жобасының пресс-релизі

12 тамызда Нұр-Сұлтанда жастар арасында кеңінен танымал Жайдарман ойындарының республикалық жастар жазғы фестивалі болып өтті.
Халықаралық жастар күніне арналған аталмыш жоба Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы гранты аясында жүзеге асып отыр.

Жалпы сайысқа республиканың түкпір-түкпірінен келген 15 жас команда қатысты.
Сонымен қатар, биылғы жылы Жоғары лигада бақ сынап жатқан Жайдарман жұлдыздары да өз өнерлерін ортаға салды.

Сайыс қорытындысы бойынша жүлделі үшінші орынды Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік универсиетінің жастарынан құралған «Эконом класс» командасы иеленсе, күміс жүлде Елордалық «Сарыарқа құрамасына» бұйырды. Ал, республикалық деңгейдегі алғаш рет сахнаға шыққан. Шығыс Қазақстандық «АҚ» командасы жазғы фестиваль жеңімпазы атанып, үлкен кубокті қанжығалады.

Пікір қалдыру