Бөлісу

«Нұр Отан» кубогын «Шапалақ» жайдарман тобы еншіледі

«Нұр Отан»  партиясының  20 жылдығы аясында «Қазақстан КВН Одағы» РЖҚБ бірлесіп, жайдарман сайысы ұйымдастырылды.  Бейбітшілік және келісім сарайында болған сайыс жоғары деңгейде өткізілді. Әртүрлі тақырыпта қағытпа қалжыңдарын ұсынған жайдарман топтарының өнерлерін тамашалауға келген көрермендердің саны көп болды.

Ойын барысында қазылар алқасы қатысушы командалардың  деңгейлеріне сәйкес ұпай сандарын үлестіріп, жеңімпаздарды анықтады. Олардың қатарында  сатирик Көпен Әмірбек, «Қазақстан» ҰТА директоры Еркін Мұхамеджанов, «Жас Отан» ЖҚ атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек, танымал тележүргізуші Дана Нұржігіт және халықаралық КВН ойындарының чемпионы Еркебұлан Мырзабек болды.

 Сонымен, «Нұр Отан» кубогіне үміткер командалардың саны — 12 құрады. Осы топтардың арасындағы үздік деп танылғандары:

3- орынды  Шымкент қаласының «Миллион»

2- орынды  Алматы қаласының  «Апорт»  топтары еншілесе,

1 — орын  яғни «Нұр Отан» кубогі  Талдықорған қаласынан келген «Шапалақ» жайдарман тобына бұйырды. Қалған қатысушы командалар арнайы алғыс хатпен марапатталды.

Пікір қалдыру