Бөлісу

«Хан Шатыр» кубогының жеңімпазы анықталды

Бүгін «Хан Шатыр» ойын-сауық орталығында «Маусымашар 2018» Республикалық Жайдарман фестивалінің ашылу салтанаты өтті. Жайдарман дәстүрі бойынша «Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ президенті, Республикалық «Жайдарман» әзілкештер мен тапқырлар сайысының жүргізушісі Есен Елеукен «Жарасым» маусымын ашық деп жариялады!

«Қармақшы» құрамасында өнер көрсететін жайдарманшы Жандос Самалбек «Хан Шатыр» кубогы ойынының тізгінін ұстап, халықпен етене тіл табыса алды.

«Хан Шатыр» кубогына 7 команда арасында тартысты бәйге болғаны сөзсіз. Олар: «Жаңа ғасыр», «Жаңақорған», «Жаңа Семей», «Апорт», «Тұран Астана», «Боранқұл», «Байдың балалары» командалары.

Кубокқа қатысушы командалар әзілдерімен де, әртістік қабілеттерімен де көрермен жүрегін жаулай алды. Ал олардың өнерін бағалаған әділ қазылар құрамында 2017 жылғы «Шабытты» маусымның Жоғары лига Чемпионы атанған «Сырдария» құрамасының белді мүшесі Марат Сарсенбаев, 2017 жылғы Халықаралық КВН Жоғары лига Чемпионы деп танылған «Спарта» КВН командасының ойыншысы Әділхан Мажит және «Қазақстан КВН Одағы» РЖҚБ Атырау облыстық филиалының директоры Ернар Сакупов болды.

Командалар ішінен топ жарып, әділ қазылар озық деп тапқан, xалыққа күлкі сыйлай алған «Хан Шатыр» кубогының жеңімпаздары болып «Апорт» (Алматы) командасы атанды!

«Sky Beach Club» Хан Шатыр жағажайына демалуға мүмкіндік алған команда көрерменнің ыстық ілтипатымен де марапатталды. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

 

Пікір қалдыру