Бөлісу

«Қарағанды КВН» финалдық сайыстарын өткізді

Наурыздың 31 жұлдызында Қарағанды қаласында финалдық сайыстары өтті. Маусымның қорытындысы болғандықтан, ойын басқа ойындардан өзгерек ,өте қызықты әрі тартысты ойын өрнегі болды. Ойын деңгейі өте жоғары. Ойында 7 команда өнер көрсетті.  Жеңімпаз 3 сайыс бойынша анықталды: «Бір әуен аясында» сайысы, сәлемдесу, көрініс.
Әдемі әзілдерімен, ерекше  өнерлерімен көзге түсіп есте қалғысы келетін командалар бір-бірінен қалыспай ойнады. Көрермендердің ықылас қошеметінің арқасында командалар өздерінің өнерлерін жетік көрсетіп , қазы алқасының көңілінен шыға білді. Барлық командалар құр алақан қайтқан жоқ.
Оның ішінде:
Болашақ колледжі — «Болашағы бар »;
Болашақ академиясы — «Болашақ VIP» :
Жаңаарқа ауданы — «Жаңаарқа құрамасы «;
ҚМТУ — «ЖАСSTAR»;
ҚММУ- «Күлкі синдромы»;

ҚМУ «Арманшылдар»;
ҚПК»Құрдастар».
Қорытындысы:
ІІІ орын — Болашақ колледжі «Болашағы бар » жайдарман тобы
ІІ орын — Вице чемпиондар — Жаңаарқа ауданы «Жаңаарқа құрамасы»
2016 жылғы Қарағанды чемпиондары — ҚМТУ «ЖасStar» жайдарман тобы.
Сонымен қатар, жеке ойыншыларға арнайы номинациялар тағайындалды:
2016 жылдың ең үздік ойыншысы :»Болашақ VIP» жайдарман тобының ойыншысы — Абдикаримов Нұрасыл;

2016 жылдың көрермен көзайымы — «Болашағы бар «жайдарман тобының капитаны — Амантаева Аяулым;
2016 жылдың ең үздік капитаны  -«Құрдастар » жайдарман тобының капитаны -Блялов Қайрат.
Маусымды «Қарағанды КВН» осылай қорытындылады.  Келесі маусымннан күтеріміз көп, командалардан да филиалдан да)

Пікір қалдыру