Республикалық Премьер лиганың 1/8 және 1/4 финалдық сайыстары өтті

Сәуірдің 26-27 күндері Алматы қаласындағы Н.Сац атындағы театрда Республикалық Премьер лиганың 1/8 финалдық сайыстары болды. 2012 жылдан бері араға алты жыл салып Республикалық Премьер лига ойындары қайтадан Алматы қаласында өтті. Екі күн қатарынан 1/8 финалда екі топ болып командалар сайысқа түсіп, көрермендерге әзіл-қалжың мен шаттық-күлкіге толы кеш сыйлады. Дайындығы мен өнерлері жарасқан топтар іріктеліп, 1/4 финалдық сайысқа жолдама алды.

26 сәуірде қазылар алқасы құрамында елімізге белгілі тұлғалар, нақтырақ айтқанда, Мейіржан Алтыбаев, Алмат Сағатов, Серік Ибрагимов болып, командаларға өз бағаларын берді.

Осы күні 1/4 финалда өнер көрсетуге мүмкіндік алған командалар:
1. «Аманат»;
2. «Голд»;
3. «Феномен»;
4. «Грация»;
5. «Креатив»;
6. «Де Жавю»;
7. «Юсуф»;
8. «Жаңа ғасыр»;
9. «Зертас»;
10. «Жаңа Толқын».

Ал сәуірдің 27 жұлдызында командаларды бағалаған әйгілі азаматтар — Бекзат Дүйсенов, Дәурен Айдарқұлов және Ерлан Қасымжанұлы.

Бұл күні топ жарып, келесі кезеңге өткен командалар:
1. «С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті»;
2. «Жетісай құрамасы»;
3. «Рояль»;
4. «Маями»;
5. «Сарыарқа»;
6. «Шатыр»;
7. «Бұзық қыздар»;
8. «Жалын»;
9. «Энерго»;
10. «Жұлдызды жігіттер».

Сонымен қатар, 1/4 финалдық сайысына резервпен өткен топтар:
1) «Энерго жастары»;
2) «Бес жаңалық»;
3) «Жем Сағыз»;
4) «Аялдама»;
5) «Болашақ Тараз»;
6) «Филологтар»;
7) «Қыз Жібек»;
8) «Капитан».

28 сәуірде Алматы қаласындағы Н.Сац атындағы театрда Республикалық Премьер лиганың 1/4 финалдық кезеңі өтті. Командалар екі топта өнер көрсетіп, әр түрлі құрамды әділ қазылардың бағалауымен жартылай финалға іріктелді. Ширек финалдық сайыстарының қорытындысын сіздерге ұсынамыз.

Бірінші топқа елімізге белгілі азаматтар Ерлан Қасымжанұлы, Бекзат Дүйсенов және Ерболат Төлеген төрелік етті.

Бұл топта жоғары ұпайларды еншілеп, 1/2 финалдық ойынға өткен командалар тізімі:
1. «Аманат» (Шымкент);
2. «С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті» (Ақтөбе);
3. «Креатив» (Талдықорған);
4. «ДеЖаВю» (Ақтөбе);
5. «Жем Сағыз» (Ақтөбе);
6. «Жаңа толқын» (Орал);
7. «Зертас» (Шымкент).

Екінші топтың өнерін бағалаған жұлдызды қонақтар Дәурен Айдарқұлов, Ақботанұр Сейітмағанбетова және Нұржан Керменбаев болды.

Бұл топтан жартылай финалға тікелей жолдама алған командалар тізімі:
1. «Аялдама»;
2. «Жетісай»;
3. «Сарыарқа»;
4. «Шатыр»;
5. «Жалын»;
6. «Энерго»;
7. «Маями»;
8. «Капитан».

Республикалық Премьер лиганың жартылай финалдық сайыстары күзде өтетінін xабарлаймыз. Резервтегі командалар 1/2 финалдық ойындарының өту уақыты жақындаған кезде іріктеліп, келесі кезеңде өнер көрсетуге мүмкіндік алған командалар тізімі жарияланатын болады.

 

More from the blog

14 қараша күні жайдарманның «Елорда кубогы-2021» арнайы жобасы өтті.

14 қараша күні жайдарманның "Елорда кубогы-2021" арнайы жобасы өтті. Еліміздің үздік командаларынан бөлек, өзбекстандық "Бұхара" командасы қатысып, бұл сайыстың дәрежесін халықаралық деңгейге көтеріп тастады....

«Шабыт»құрамасы «ELORDA KUBOGY-2021» иегерлері.

Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Елорда кубогы-2021» Жайдарман ойыны 14-қараша күні Бейбітшілік және келісім сарайында өтті. Оған Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен...

«РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАУСЫМАШАР ФЕСТИВАЛІНІҢ» ІРІКТЕУ ОЙЫНДАРЫН 28-30 қыркүйек күндері 7 арнадан тамашалай аласыздар

«Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ ұйымдастыруымен ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі азаматтық бастамаларды қолдау орталығының “Жастар арасында мемлекеттік тілді насихаттау бойынша іс-шараларды өткізу” гранты...