Бөлісу

«Көкшетау КВН» филиалы «Тарих маусымын» тамәмдады

Ағымдағы жылдың 14-ші мамыр күні, Ақмола облысы орталығының Көкшетау қаласында «Қазақстан КВН Одағы» республикалық жастар қоғамдық бірлестігінің  Ақмола облысы бойынша «Көкшетау КВН» филиалы ұйымдастыруымен және Ақмола облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының Ақмола жастар ресурстық орталығының қолдауымен облыстық «Ақмола» лигасының ақтық мәресі финалдық «Жайдарман» ойыны өтті. Биылғы финалдың жағымды жаңалығы — ойынға Қазақстан КВН Одағы президенті Есен Елеукен мырзаның қатысуы.
Қазақ хандығының 550 жылдығына орай тақырыбы «Тарих маусымы» аталған маусымның соңғы ойыны үш сайыстан тұрды: сәлемдесу («Тарих шайқас»), ширату («Арманға деген соңғы қадам»), әуенді үй тапсырмасы. Тартыс нәтижесінде бас жүлдені «Бестөбе құрамасы» қанжығасына байласа, ІІ орын ҚР ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институты «Құтқарушылар», ІІІ орын Астрахан ауданының «Айқаракөз» командалары иеленді, ал Ш. Уәлиханов КМУ «ШУ құрамасы», Ж. Мусин атындағы педагогикалық колледжінің «Құрмет», Степногорск қаласы «Бейбарыс» командалары арнайы алғыс хаттармен марапатталды. Ойын қорытындысы бойынша сәтті өнер көрсеткен жайдарман топтары республикалық «Жайдарман» ойындарына жолдама алды.


«Көкшетау КВН» филиалы командалармен маусым бойы редакторлық жұмыс істеген республикалық «Жайдарман» ойындарының редакторы Қасиет Кәрім мен жоғарғы лига чемпионы «Назар аудар» тобының ойыншысы Мади Абдуғалиевке алғысын білдіреді. 

Пікір қалдыру