Бөлісу

Алматы Ашық лигасы финалдық сайысын өткізбек

2016 жылы 18-19 қараша  күндері Алматы қаласында Н.САЦ атындағы театрда «Қазақстан КВН Одағы» РЖҚБ еліміздің танымал жайдарман топтары арасында арнайы Республикалық Алматы ашық лигасының финалдық сайыстарын өткізуді жоспарлап отыр. Аталмыш шара Алматы қаласының 1000 жылдығы және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Алматы қаласы жастар саясаты  мәселелері басқармасының қолдауымен ұйымдастырылмақ. Көптен бері күтілген ақтық бәсекеге өткен ойындарда өзге қарсыластарынан оқ бойы оза шауып, көрермендер мен қазылар алқасының көңілінен шыққан 11 команда екі топқа бөлініп сынға түседі. Кеш жүргізушісі — Қазақстан КВН Одағы РЖҚБ Алматы филиалының директоры Оңдасын Құлымбетов. Сондай-ақ, жоғары және премьер лигаларда әдемі ойын үлгісін көрсетіп, халықтың қошеметіне бөленіп жүрген танымал жайдарманшылар мен әзіл-сықақ шеберлері кешке арнайы қонақ ретінде шақырылған.

Осы орайда, «Алматы Жайдарман» филиалы сіздерді 18-19 қараша күндері сағат 18:30-да Н.САЦ атындағы театрға (Алтынсарин мен Шаляпин көшелерінің қиылысы) көңілді кештің куәсі болуға шақырады.

Пікір қалдыру