Алматыда республикалық Бірінші лиганың алғашқы ойыны

«Маусымашар» фестивалі қорытындысы бойынша республикалық Бірінші лигаға жолдама алған командалар үшін алғашқы ойын 15 және 16 наурыз күндеріне жоспарланған. Бұлардың қатарына 23 ақпан өткен Алматы қалалық «Маусымашарда» үздік өнер көрсеткен командалар қосылды. Аталған ойынның редакторлық жұмыстары басталып та кетті. Редакторлары танымал жайдарманшылар Оңдасын Құлымбетов пен  Дархан Карипов және «Қазақстан КВН Одағы» РЖҚБ президенті Есен Елеукеннің өзі редактураға қатысып отыр.  Жүргізетін жаснарлық Еркебұлан Бердалиев. Командалар алдын-ала бекітілген еркін сайыс және әзіл бәйге бойынша сайысады. Командаларға сәттілік, тілеп барлық алматылықтарды әсем ойын тамашалауға шақырамыз! Ойындар күніне екі рет екі күн өтеді. Командалар төмендегідей топтастырылды.

15 наурыз

16 наурыз

Ең ҮЗДІК ОЙЫНШЫЛАРЫ Jungle TRX sport орталығының сертификатымен марапатталатын болады.

Айтпақшы, қатысушыларға «Жайдарман» ойындарынан бөлек футбол ұйымдастырылатын болады. Жайдарманшылар арасында футболға деген ерекше сүйіспеншілігі барлар өте көп.  Біздің жанкүйерлер мен бақылаушылар жақсы біледі, «Шымкент жастар құрамасындағы» Тағай Нұралиев футбол десе, ішкен асын жерге қоятын жайдарманшы. Міне, осы ойынға Шымкенттен Алматыға Тағай комментатор ретінде арнайы шақыртылып отыр. Ойын өз деңгейінен әлдеқайда жоғары өтеріне сенімдіміз.  Жеңімпаздарға, үздік ойыншыларға түрлі сыйлықтар дайындалды.

More from the blog

14 қараша күні жайдарманның «Елорда кубогы-2021» арнайы жобасы өтті.

14 қараша күні жайдарманның "Елорда кубогы-2021" арнайы жобасы өтті. Еліміздің үздік командаларынан бөлек, өзбекстандық "Бұхара" командасы қатысып, бұл сайыстың дәрежесін халықаралық деңгейге көтеріп тастады....

«Шабыт»құрамасы «ELORDA KUBOGY-2021» иегерлері.

Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Елорда кубогы-2021» Жайдарман ойыны 14-қараша күні Бейбітшілік және келісім сарайында өтті. Оған Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен...

«РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАУСЫМАШАР ФЕСТИВАЛІНІҢ» ІРІКТЕУ ОЙЫНДАРЫН 28-30 қыркүйек күндері 7 арнадан тамашалай аласыздар

«Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ ұйымдастыруымен ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі азаматтық бастамаларды қолдау орталығының “Жастар арасында мемлекеттік тілді насихаттау бойынша іс-шараларды өткізу” гранты...