-
Маусым-2021 - 22.03.2021
-
Атырау жастары 10 әлеуметтік жобаның грантын ұтып алды - 09.12.2020
-
Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің кубогін Боранқұл жеңіп алды - 14.11.2020
-
4 ақпан күні редакторлық жұмыстан өтетін командалар - 04.02.2020
-
Маусымашардың екінші күні қалай өтті? - 03.02.2020
-
«Маусымашар-2020» фестивалі ашық - 02.02.2020
-
«Маусымашар-2020» фестиваліне тіркелу басталды - 05.01.2020
-
Биылғы чемпиондар — Элемент пен Фемида - 10.12.2019
-
9 желтоқсан Жоғары лига финалы өтті - 10.12.2019
-
Финалында 4 батыстық және 1 шығыстық команда - 08.12.2019
Алматы ашық лигасының финалистері анықталды
Екі күнге созылған Республикалық Алматы Ашық лигасының жартылай финалдық сайыстары өз мәресіне жетті. 2-3 қазан күндері Алатау киноконцерт сахнасында тартысты бәйгенің лебі айқын сезілді. Оған дәлел – қазылар алқасының шешімі. Шешімді ой елегінен бірнеше мәрте өткізіп, ұпай сандарына байланысты шығарды. Қазылар алқасының құрамында 2 қазан күні БАС продакшн бас продюсері Ақылбек Досжан, ардагер КВНші, белгілі тележүргізуші, түрлі жобалардың авторы Марат Оралғазин, қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Серік Ибрагимов, 2013 жылғы жоғары лига чемпионы, қазіргі таңда актер Ақболат Өтебаев, 2014 жылғы чемпионы, қазіргі таңда автор Аманжан Махметов болды.
Ал 3 қазанда Ұлттық құрама чепионы Қасымов Абылайхан, қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Серік Ибрагимов, 2013 жылғы жоғары лига чемпионы, қазіргі таңда актер Ақболат Өтебаев, көрерменнің сүйікті жайдарманшысы Мейрамхан Шалқыбеков және Еркебұлан Бердалиев сынды елге танымал тұлғалар төрелік етті. Шешім ережеге сай шығарылды.
Ойын қорытындысы бойынша тікелей финалда 4 команда. Олар: «Апорт» (Алматы), «Жұлдызай жұлдыздары», «Зертас» (Шымкент), «GOLD» (Өскемен).
Ал «Томи Жери» (Алматы), «Royal» (Алматы), «Байланыс жастары» (Алматы) командалары әзірге резервте.
Алматы Ашық лигасының жартылай финалдық сайыстары көрерменнің ыстық ықыласына бөленген ойындардың бірі боғланы сөз. Салмақты ой әзілдермен айтылып, астарлы мағынаға толы түрлі тақырыптар қозғалды. Әрбір команданың бұл жолы дайындықпен келгені сезіліп тұрды. Тартысты ойында жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар жайдарманшылар өзгелерін басып озды. Десе де әрқайсысы көрерменнің көңілінен шығып, жүректеріне жол таба білді.
Финалда жолыққанша!