Алматы қаласында «Жайдарман» және «Жайдарлы Жас Ұлан» топтарына арналған ойын өтті

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен «Қазақстан жастарының Конгресі» және «Қазақстан КВН Одағы» республикалық жастар ұйымдарының ұйымдастырумен қазанның 11 күні Алматы қаласында «Жайдарман» және «Жайдарлы Жас Ұлан» топтарына арналған ойын өтті. Ойынның негізі — республикалық Алматы Ашық лигасының жартылай финалдық сайысы. Қатысқан топтар арасынан үздік өнер көрсеткен алтауы финалға жолдама алып, ал финалда жеңіске жеткені республикалық Премьер лигаға жолдама алады.
«Бизнесмендер», Алматы
«Жалын», Жаңаөзен
«Семей мектептер құрамасы», Семей
«Қонаев университетінің құрамасы», Алматы
«Алатау», Алматы
«Шапалақ», Талдықорған
«Аялдама», Алматы
«Зертас», Шымкент
«Апорт», Алматы
«Тұран», Астана
«Рахмет», Семей
«Инженерлер», Алматы
«Жұлдызды жігіттер», Алматы
Финалистер: Бизнесмендер, Инженерлер, Алатау, Зертас, Жұлдызды жігіттер, Жалын.

More from the blog

14 қараша күні жайдарманның «Елорда кубогы-2021» арнайы жобасы өтті.

14 қараша күні жайдарманның "Елорда кубогы-2021" арнайы жобасы өтті. Еліміздің үздік командаларынан бөлек, өзбекстандық "Бұхара" командасы қатысып, бұл сайыстың дәрежесін халықаралық деңгейге көтеріп тастады....

«Шабыт»құрамасы «ELORDA KUBOGY-2021» иегерлері.

Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Елорда кубогы-2021» Жайдарман ойыны 14-қараша күні Бейбітшілік және келісім сарайында өтті. Оған Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен...

«РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАУСЫМАШАР ФЕСТИВАЛІНІҢ» ІРІКТЕУ ОЙЫНДАРЫН 28-30 қыркүйек күндері 7 арнадан тамашалай аласыздар

«Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ ұйымдастыруымен ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі азаматтық бастамаларды қолдау орталығының “Жастар арасында мемлекеттік тілді насихаттау бойынша іс-шараларды өткізу” гранты...